Қоштаспай болмайды

Әнім боп жас күннен кеудемде жаңғырдың
Хат жаздым қаншама жауапсыз қалдырдың
Сонан соң еркіне бой бұрмай тағдырдың
Өзіңмен мәңгіге кеттім мен жан құрбым

Мөп-мөлдір моншағын көрсетпей жанардың
Кеттім мен қайрылмай, өрлігім болар бұл
Жүрсем де қол созып арайлы мұратқа
Жүректен нұр бейнең өшпеді бірақ та

Жолықтың бүгін сен күлімдеп жайдары
Көңлімнің төрінен найзағай ойнады
Өткен күн қайтадан өрнегін салмайды
Қоштастық екеуміз, қоштаспай болмайды

Алматы қаласы - жастықтың қаласы
Екеуміз қыдырған көшеге қарашы
Ақ терек асқақтап тұр анау еңселі
Сол жерден өткенде еске алам мен сені

Комментариев нет: