Оралым


с. Боранғали Ырзабаевтікі
ә. Әділбек Сүлейменовтікі

Айдынында арайлы Орал қандай,
Ақжайық аңызынан жаралғандай.
Жайлауым жанатты,
Қарқыным қанатты,
Өмірге өр алып,
Толқынға оранып,
Құшады махабатты.

Дабылы даланың,
Мұнайлы алабым.
Жолымен жорықтың,
Жауынгер Оралым.

Жылдарында жанына жорық батқан,
Кеудесіне көсемім жарық жаққан.
Қомдады қанатты,
Бақыттың таңы атты.
Жайылып жаңғырық,
Жағалау жаңғырып,
Қарсы алды махаббатты.

Отыңа орадың,
Балға мен орағың.
Достықтың құшағы
Большевик Оралым. 

Оралшы, жаным, қайтадан


с., ә. Ә. Ысқақовтікі

Таусылып тағат, амалым,
Өртеніп босқа барамын.
Көңілдің сырын
Көзімнен ұғып,
Моншаққа толы жанарым.

Уайымсыз, мұңсыз жан деме,
Ойлантты мені әлдене.
У ішсе жүрек,
Бөлінсе тілек,
Келмейсің, жаным, сен неге?

Тасынған кейде көлдейсің,
Қасында тұрып шөлдейсің.
Домбыра шертіп,
Бойымды ерітіп,
Әнім-ау, неге келмейсің?

Сезімнің күйін шайқаған,
Сен жайлы бүгін айтам ән.
Көркіңмен нәзік,
Дертімді жазып,
Оралшы, жаным, қайтадан. 

Оңтүстік - әнім


ә. Құралай Сәтмұхамбетованікі
с. Бақытжан Алдиярдікі

Көркіменен Күн көтерген қыранның,
Арқауына айналдың сан жыр-әннің.
Оңтүстігім – оттай ыстық мекенім,
Төсіндегі тұмарындай Тұранның.

Елім менің,
Жерім менің – Оңтүстігім!
Бағым – барым менің,
Жаным – жалын – демім
Әнім – Оңтүстігім!

Жан тербеткен әннің елі, күй елі,
Сансыз бабтар сыр айтады жүйелі.
Қандай бақыт сенде туып, сенде өскен,
Келбетіңнен айналайын киелі.

Елім менің,
Жерім менің – Оңтүстігім!
Бағым – барым менің,
Жаным – жалын – демім
Әнім – Оңтүстігім! 

Ойлайсың ба, жаным


ә. Кеңес Дүйсекеевтікі
с. Шөмішбай Сариевтікі

Не десем екен, не десем,
Айға да лайық теңесем.
Өңім бе, әлде түсім бе,
Қайрылмай кеттің неге сен?

Ойлайсың ба, жаным, ойлайсың ба?
Балалық сезімге бойлайсың ба?
Өмір саған, жаным, сыр айтты ма?
Қуантты ма, тағдыр, мұңайтты ма?

Көктемде құстар қонғанда,
Оралып сырлы орманға.
Аңсаған жүрек іздей ме?
Сағынып қарап жолдарға.

Ойлайсың ба, жаным, ойлайсың ба?
Балалық сезімге бойлайсың ба?
Өмір саған, жаным, сыр айтты ма?
Қуантты ма, тағдыр, мұңайтты ма? 

Орамал


ә. Әбілахат Еспаевтікі
с. Ғали Ормановтікі

Сағынғанда жарыңа,
Жіберіпсің орамал.
Жабырқасам, жаныма,
Жәрдем берген сол – аужал.
«Сәулеме» деп жазылған,
Орамалда сөзің тұр.
Сонда сенің сағынған,
Мөлдіреген көзің тұр.

Жалғыз ауыз сөзіңді,
Дәрмен көріп жаттаймын.
Қайда жүрсем өзіңді.
Көкіректе сақтаймын.
Сақтай-сақтай жүремін,
Төс қалтамнан шығармай.
Жүрегің мен жүрегім,
Бірге соғып тұрғандай. 

Отан үшін


ә., ө. Қосымжан Бабақов

Сүйген жар, жан жолдасым, хош аман бол.
Белгісі берген серттің алысқан қол.
Қажыма қайда жүрсең қасыңдамын
Халық үшін, Отан үшін, аттанған жол.

Отан үшін жан берсем, менде қандай арман бар,
Отан үшін қан төксем, менде қандай арман бар,
Отан үшін жігерді, жұмсар қайрат менде бар,
Отан үшін аяма бар күшіңді туғандар.

Сүйген жар, жан жолдасым, сен де аман бол,
Белгісі берген серттің алысқан қол.
Батыр бол, қайтпас қайсар жеңіп шығар,
Жау жүрек жауынгерлер, тілегім сол.

Жолың болсын, жолыңда екі көзім, сүйген дос,
Жау жарағың қолыңда, қолыңды бер, бауыр-дос.
Отырмаймын еңбексіз от басында мен де бос,
Керек болсам, мен даяр – қан майданда мені тос. 

Отан Ана


Қиын жолдардан аман келеміз.
Асыл заман, саған сенеміз.
Жарқын өмір, жақсы күндер,
Арнап сәлем береміз.

Жайнап өмір жұлдыз көғінде,
Тұр ғой жарқырап.
Көңіл көзді көп арбайды,
Қиялыңды түгел тартып ап.
Жерім құлпырды барын берем деп,
Елім жасап-ау жарат ер еңбек,
Ырысымыз тасып жатыр,
Алға бастық жеделдеп.
Отан Анадан қуат аламыз,
Алға жеңіспен біз барамыз.
Бақта бұлбүл сайрайды ұзақ,
Жайнайды кең даламыз. 

Ой жайлау


Кененнің әні

Мен өзім әрі ақын, әрі батыр
Қайда отыр, ақын қыздар, бермен шақыр, Ой жайлау-ай
Ысқырып айдаһардай ақын келсе
Мүдірмей қызыл тілім сайра да отыр, Ой жайлау-ай

Ақ бүрлен, қызыл бүрлен, бүрлен, бүрлен,
Бүрленді арлайды жолын білген
Қамшыны екі бүктеп қолға ұстап
Қызығы бұл дүниенің ойнап-күлген, Ой жайлау-ай

Бір менен екі де бар үшке дейін
Көтерші ақ тамақты иіскелейін, Ой жайлау-ай
Мен сені өмірлікке жар етер ем
Ұйқыны қоыр болсаң түске дейін, Ой жайлау-ай

Ақ бүрлен, қызыл бүрлен, бүрлен, бүрлен,
Бүрленді арлайды жолын білген
Қамшыны екі бүктеп қолға ұстап
Қызығы бұл дүниенің ойнап-күлген, Ой жайлау-ай

Алатау біздің ауыл ашасында
Белгісі жүйрік аттың шашасында, Ой жайлау-ай
Менімен хат алысып, хат берісіп
Бір күні уәделесіп қашасың ба, Жаз жайлау-ай

Ақ бүрлен, қызыл бүрлен, бүрлен, бүрлен,
Бүрленді арлайды жолын білген
Қамшыны екі бүктеп қолға ұстап
Қызығы бұл дүниенің ойнап-күлген, Ой жайлау-ай 

Ойна достым


Өзіңмен өткен қанша уақыт
Сыйлайды маған қанша бақыт
Алыстап кетсе сәл арамыз
Іздеймін сені ойлап жатып

Ойна, ойна, ойна
Байқа достым
Көңілдерді шайқа, шайқа достым

Жанымды менің көктем қылар
Қалжыңмен күйге жетпей тұрар
Сылқым қыздардың құрығынан
Өзің едің ғой сақтандырар

Ойна, ойна, ойна
Байқа достым
Көңілдерді шайқа, шайқа достым
Ойна, ойна, ойна
Байқа достым
Көңілдерді шайқа, шайқа достым

Ашатын еркін есігіңді
Аңсармыз ертең осы күнді
Дотсарды табу қиын біздей
Қашанда адам кешірімді

Ойна, ойна, ойна
Байқа достым
Көңілдерді шайқа, шайқа достым
Ойна, ойна, ойна
Байқа достым
Көңілдерді шайқа, шайқа достым

Ойна, ойна, ойна
Байқа достым
Көңілдерді шайқа, шайқа достым
Ойна, ойна, ойна
Байқа достым
Көңілдерді шайқа, шайқа достым 

Он алты қыз


Астыма мінген атым генадушка,
Шабамын көңіл ашып немношка.
Не керек бұл дүниеде жить етуге,
Азырақ ойнап-күлмей, молодушка.

Зұлқия-ай, Ұрқия-ай,
Қатира-ай, Сағира-ай,
Күлзира-ай, Назира-ай,
Нағима-ай, Батима-ай!
Әшекей қыз Айжан-ай,
Бәлекей қыз Балжан-ай,
Толықсынған Маруся-ай,
Тындаушы еді-ау, сәлем-ай!
Қайда кетті Раиса-ай?
Я люблю тебя, Рая-ай!

Қарағым, айналайын, черный көзім,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Втарой, третей сорттар толып жатыр,
Первый сорт қайдан тудың сенін өзің?

Зұлқия-ай, Ұрқия-ай,
Қатира-ай, Сағира-ай,
Күлзира-ай, Назира-ай,
Нағима-ай, Батима-ай!
Әшекей қыз Айжан-ай,
Бәлекей қыз Балжан-ай,
Толықсынған Маруся-ай,
Тындаушы еді-ау, сәлем-ай!
Қайда кетті Раиса-ай?
Я люблю тебя, Рая-ай! 


Ой көк


Халық әні

Ақ үйден бір қыз көрдім көзі күлген ай
Үстінде дүрия көйлек шайымен бүрген
Сол қыздың мен айтайын сұлулығын
Шаштарын он күн тарап бес күн өрген

Ой көк
Илигай көк ой көкем япырмай
Жастық дәурен өтеді ай

Сол қызды бір көргеннен болдым ғашық ай
Сөйлесіп көрісуге көңіл ашық
Сүймейді сұлу қызды қандай адам
Тұрғанда туған айдай нұрын шашып

Ой көк
Илигай көк ой көкем япырмай
Жастық дәурен өтеді ай
Ой көк
Илигай көк ой көкем япырмай
Жастық дәурен өтеді ай

Көінер жанға сұлу жарағанда ай
Шаштарың гүл гүл жайнап қарғанда
Пейіштің гүл жамылған сарайында
Сайраған тоты құстай ол бір бұлбұл

Ой көк
Илигай көк ой көкем япырмай
Жастық дәурен өтеді ай
Ой көк
Илигай көк ой көкем япырмай
Жастық дәурен өтеді ай 

Ойлап сені таптым мен


ә. Ж.Сейдоллаұлы

Ақ арманым ақ гүлден
Пәк жүректен тәтті үннен
Жақсылықтан жаратып
Ойлап сені таптым мен
Самғап әсем әніммен
Жалғап сені жаныммен
Махаббатым арқылы
Сұлу еттім бәрінен

Жанарым-ау жағасын
Жүрегімде ғанасын
Мен өмірде өтсем де
Әнім болып қаласын

Сен деп соққан жүрегім
Айнымасын білемін
Сезім билеп жанымды
Өзінді ойлап жүремін
Сенсіз өмір жай ғана
Сені іздеймін қайтадан
Сенің бейнең тұрады
Кеудемдегі айнадан

Жанарым-ау жағасын
Жүрегімде ғанасын
Мен өмірде өтсем де
Әнім болып қаласын

Жанарым-ау жағасын
Жүрегімде ғанасын
Мен өмірде өтсем де
Әнім болып қаласын

Жанарым-ау жағасын
Жүрегімде ғанасын
Мен өмірде өтсем де
Әнім болып қаласын 

Орындалмас тілегім


с., ә. Р.Әлқожа

Кеткеніңді қаламаймын келгеніңді де
Сүйгеніңді қаламаймын сенгеніңді де
Еркелеп бір күле алмаймын
Бақытты боп жүре алмаймын

Біле алмаймын сүйесің бе әлде
Сүймеймін деп жиі алдаймын
Тек сен жайлы қияалдаймын
Қия алмаймын өзге біреуге

Қоштасуға бара алмаймын
Кездесуге де
Бұл халімді біле алмайсың
Сезбейсің мүлде
Жалқы мүсін жадындағы
Мен гүліңмін бағындағы
Шөдедім-ау көз салшы күнім
Білмеймін қайдан табарымды
Күтіп журмін хабарыңды
Жүрегіңді ұмыттың ба шын

Сағындым деп аутпа алмаймын
Сағынбаймын деп
Білетінім енді сенсіз
Жылдар өтер деп

Іздеп сені бара алмаймын
Бір жоғалтсам таба алмаймын
Қала алмаймын қасында бір сәт
Орындалмас тілегім-ай
Кештен тапқан жүрегім-ай
Бұрын білсем кетпес ем ұзақ

Орындалмас тілегім-ай
Кештен тапқан жүрегім-ай
Бұрын білсем кетпес ем ұзақ

Іздеп сені бара алмаймын
Бір жоғалтсам таба алмаймын
Қала алмаймын қасында бір сәт
Орындалмас тілегім-ай
Кештен тапқан жүрегім-ай
Бұрын білсем кетпес ем ұзақ 

Наурыз-думан


с. Мұқағали Мақатаевтікі
ә. Т. Сарыбаевтікі

Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.

Наурыз, наурыз, күн игі!
Күні игі жердің - түрі игі.
Бауыры жылып науат-қар,
Бабымен ғана жібиді.
Шашылып ырыс шанақтан,
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі.

Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде,
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де - арманда,
Арманда - оны көрген де.
Келіп ем өмір - орманға,
Наурыз айы келгенде. 

Неге біз өлді дейміз өлгендерді


ә. Темір Исалиевтікі
с. Дәуітәлі Стамбековтікі

Неге біз өлді дейміз өлгендерді,
Гүлдерді бізден бұрын тергендерді.
Біз үшін қиындықты жеңгендерді,
Біз үшін отқа айналып сөнгендерді.

Сондай ой тез келеді неге бізге,
Әлде біз тағдырға тез көнеміз бе?
Кім білед олар мүмкін желпіп бізді,
Ақ бұлт боп жүрген шығар төбемізде.

Жүрді олар бір кездерде жырдай жанып,
Біздер де соларменен нұр жайнадық.
Өлді деп біз жүргенде олар мүмкін,
Далада шыққан шығар гүлге айналып.

Жүрегі қайта жанып сөнгендердің,
Өмірге келді ұрпақ, мен келгенмін.
Кім білсін аспандағы сансыз жұлдыз,
Шырағы болар, бәлікім, өлгендердің. 

Неге сені ұмыттым


ә. Әшірхан Телғозиевтікі
с. Тұрсынай Оразбаеванікі

Неге ақ бұлттар бізден биік, жұлдыздар да жарық тым,
Неге құрақ тербеледі жағасында бұлақтың.
Неге аққулар мұхитты емес, айдын көлді сүйеді,
Неге, неге өзгені емес, жалғыз сені ұнаттым.

Тілсіз гүлдер құлпырады, неге сонша көрікті.
Құмыр бұлбұл құмырлана соларға ықлас бөліпті.
Бұлбұлым боп талмай сайрап тербемедің, әйтсе де,
Не сиқырмен есімді алдың, көңіл сен деп желікті.

Неге Ана-жер шаттанады күн шуағын төккенде,
Неге ақ қайың ынтығады, зарығады көктемге.
Ақ қайыңдай күттім аңсап, көктемім боп келмедің,
Албырт шақтар, от сезімдер оралмасқа кеткен бе?! 

Наурыз


с. М. Ермекбаев
ә. Қ. Сәтиев

Кәне, достар, биле, биле,
Құлағың сал ән мен күйге.
Наурызды тойлағанда
Отырмаңдар босқа үйде.
Наурыз! Наурыз! Наурыз!

Таң шапағы қарсы алып наурызда,
Құт-береке тілейміз ауылымызға.
Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,
Шат көңілмен бәріміз ән салайық.
Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын!
Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын Наурыз!

Келіңіздер, келіңіздер,
Бізбен бірге еріңіздер.
Ақ көженің дәмін татып,
Тамсанып бір көріңіздер.
Наурыз! Наурыз! Наурыз!

Таң шапағы қарсы алып наурызда,
Құт-береке тілейміз ауылымызға.
Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,
Шат көңілмен бәріміз ән салайық.
Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын!
Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын Наурыз!

Бақыт тілеп жолдастарға,
Жаңа өмірді қарсы алайық.
Ақ көңілмен, ақ тілекпен,
Асқақтата ән салайық.
Наурыз! Наурыз! Наурыз!

Таң шапағы қарсы алып наурызда,
Құт-береке тілейміз ауылымызға.
Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,
Шат көңілмен бәріміз ән салайық.
Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын!
Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын Наурыз! 

Наурыз келді


с. Қ. Смағұл
ә. Н. Дүкенбай

Наурыз келді далама,
Наурыз келді қалама.
Қуанады ата-ана,
Қуанады бала да.

Оң болды да жорамыз,
Төлге толды қорамыз.
Айран, қымыз толығып,
Аққа толды шарамыз.

Наурыз болсын әніміз,
Наурыз болсын сәніміз.
Наурыз көже көп ішсек
Жасарамыз бәріміз. 

Не деген керемет күн!


с. М.Мақатаев
ә. Т.Шапай

Не деген керемет күн!
Жаныңа бәрі даяр не керектің
Көрінеді гүлдердің бүр жарғаны
Естіледі ұшқаны көбелектің
Не деген керемет күн!

Естіледі бал-ара нәр сорғаны
Бармақтай балапан құс ән салғаны
Бәрін де кеудесіне қондырып ап
Дала бір рахатта
Дел-сал жаны

Таулардың самал ессе балағынан
Гүлдер тұр үзірлердей сабағынан
Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ
Шашырап күннің алтын табағынан

Сусындап көк аспанның шанағынан
Шарықтап шанырауда ана-қыран
Ару-жер өз дидарын көріп жатыр
Мөп-мөлдір тұнық көктің жанарынан

Не деген керемет күн!
Кейпіне елітесің төңіректің
Қаласа мына жатқан сәби дүние
Келеді өміріңді бере кеткің 

Наурыз


с. Е.Жапақ
ә. А.Сағат

Шығыстан жалын тарады жер бұсана жатты бұдай
Күн теңесып түн мен қалады қалаған соны құдай
Түркістан тасы ерідау көктем
Көзімнің жасы айхау еркем

Наурыз, наурыз!
Жылы жел келді айхай сары май
Тары көже төгілдей
Ақтады жайдау айхай!

Қарасаң алтын мейрам адамнан келді арай
Жер беті жасыл сайран сары дала әнмен шырай
Түркістан тасы ерідау көктем
Көзімнің жасы айхау еркем

Наурыз, наурыз!
Жылы жел келді айхай сары май
Тары көже төгілдей
Ақтады жайдау айхай! 

Не пайда?


Көгілдір көлден не пайда
Жағасы жайсыз жар болса
Су ащы, балығы аз
Жиегі таяз тар болса?

Көк аспаннан не пайда
Көгінде күн күлмесе?
Қыздар жиған мақтадай
Ақша бұлттар жүрмесе?

Биік таудан не пайда
Шыңында ақ қа жатпаса?
Сылдырап аққан тау суын
Сүйініп балдай татпаса?

Жайқалған баудан не пайда
Жемісін жазда татпаса?
Шаршап бір келіп жұмыстан
Саясында жатпаса?

Жарық күннен не пайда
Үйінде таның атпаса
Бұл өмірде қызық не
Бұзығың шулап жатпаса? 

Наз (ә. Ә.Бейсеуов)


с. М.Әлімбаев
ә. Ә.Бейсеуов

Жүрсің бе жалғыз шығып шың басына
Қолыңа гүл алдың ба сырласуға?!
Асыға таңды күткен назын шертіп
Бұлбұл ма сырласың да, мұңдасың да

Сырласа бер бұлбұлмен
Жетіп келем бір күн мен
Толған айдай көз тартып
Жайраңдарсың құрбыңмен

Есіме өз гүлімді салар көктем
Күндерім жылдай ұзақ арада өткен
Болғанмен ауыл алыс, көңіл жақын
Барамын сағынышпен - самолетпен

Сырласа бер бұлбұлмен
Жетіп келем бір күн мен
Толған айдай көз тартып
Жайраңдарсың құрбыңмен 

Нұржамал


с. А.Байғожаев
ә. Ғ.Құрманғалиев

Сүйген сәулем Нұржамал
Күтудемін бір хабар
Үш жыл өтті ойыңды
Біле алмай болдым дал

Жауап тосып өзіңнен
Әлі үйленбей жүрмін мен
Мезгіл өтіп барады-ау
Айыпты оған жалғыз сен

Жалғыз сені ұнатам
Неге сәулем нанбайсың
Жанымды қалай жұбатам
Жүрегің жоқ па қандайсың

Жауап тосып өзіңнен
Әлі үйленбей жүрмін мен
Мезгіл өтіп барады-ау
Айыпты оған жалғыз сен

Ұмытсам деп сені мен
Көрсем де болам көрмеген
Келбетің сенің әрқашан
Тұрады кетпей көзімнен

Жауап тосып өзіңнен
Әлі үйленбей жүрмін мен
Мезгіл өтіп барады-ау
Айыпты оған жалғыз сен 

Наз қоңыр


Халық әні

Ай қабақ алтын кірпік, қызыл ерін
Кел десең, неге аяйын аттың терін
Сары ағаш сазға біткен секілденіп
Қай жерде отыр екен бұраң белім

Базардан алып келген күміс құман
Жігітті адастырған қалың тұман
Арадан қыл өтпестей тату едік
Біздерге қастық қылған қай антұрған 

Не деген көркем едің


с. Т.Арынғали
ә. Б.Омаров

Мұң шалса қабағыңды
Мен түгел дала мұңды
Сен әлі тәп-тәттісің
Арманым бала күнгі

Білсеңде сезбеуші едің
Жанымның өртенгенін
Қоятын жіпсіз байлап
Не деген көркем едің

Еліктей еркем менің
Не деген көркем едің
Сыр толы жанарыңды
Сағынып хабарыңды

Жүрегім күтуде әлі
Жырыма жауабыңды
Өзіңе құштар ай күн
Бір ғажап ертегі едің

Ешкімге ұқсамайтын
Не деген көркем едің
Еліктей еркем менің
Не деген көркем едің

Ойыма оралғанда
Бақыт кеп қона алғандай
Сұлулық әлемдегі
Өзіңнен нәр алғандай

Мәңгіге кеттің бе екен
Сырымды шерте менің
Бағыңа жеттің бе екен
Еліктей еркем менің
Еліктей еркем менің
Не деген көркем едің
Еліктей еркем менің 

Нурикамал


с. Х.Есенғараева
ә. Т.Ізтай

Аспандағы айма дедім
Жастық шағым қайда менің
Жүрегімді елжіреткен
Жаным қандай жайдар едің

Нурикамал Камалым-ай
Күндей ашық жанарың-ай
Қолым жетпей сөзім де өтпей
Жаутаңдадым қабағыңа-ай қарағым-ай

Ойың озық сөзің тәтті
Қандай Ана сені тапты
Көнілімді жарасынан
Сыймай тасып сезім жатты

Нурикамал Камалым-ай
Күндей ашық жанарың-ай
Қолым жетпей сөзім де өтпей
Жаутаңдадым қабағыңа-ай қарағым-ай

Күлімдесе ай қабағың
Қалай ғана жай табамын
Көктем гүлі ұшқым келіп
Жердемін деп ойламадым

Нурикамал Камалым-ай
Күндей ашық жанарың-ай
Қолым жетпей сөзім де өтпей
Жаутаңдадым қабағыңа-ай қарағым-ай
Қолым жетпей сөзім де өтпей
Жаутаңдадым қабағыңа-ай қарағым-ай
Жаутаңдадым қабағыңа-ай қарағым-ай 

Нені ойладың


с. А.Шамкенов
ә. І.Жақанов

Нені ойладың құрбыжан нені ойладың
Ойға батқан жүзіңе қарайладым
Алыс арман үміттің сәулесіндей
Абайладым көзіңде арай барын
Алыс арман үміттің сәулесіндей
Абайладым көзіңде арай барын

Тұңғиықтан құпия сыр таратып
Келе жатты көзіңнен бір таң атып
Таңы болғай лайым қуаныштың
Өзгелерді қойдың ғой мың қаратып
Таңы болғай лайым қуаныштың
Өзгелерді қойдың ғой мың қаратып

Нені ойладың жол таппай қамалдың ба
Таппадың ба әлде оны таба алдың ба
Ойлаған жөн алды-артын барлық жағын
Ойла құрбым жақсыны жаманды да
Ойлаған жөн алды-артын барлық жағын
Ойла құрбым жақсыны жаманды да

Алдың - арман, әйтсе де абайлағын,
Әлденеге үңіліп қарайладың.
Білгім келіп барады, білгім келіп,
Нені ойладың құрбыжан, нені ойладың
Білгім келіп барады, білгім келіп,
Нені ойладың құрбыжан, нені ойладың 

Наз


с., ә. О.Сарыбасов

Көктемдей құлпырған
Ерекше түр-тұлғаң
Есімнен кетпейді
Жанарын нұр тұнған

Нұр тұрған сыр тұнған
Бір сырдан бір бұлған
Жолыңа болсамшы
Япыр-ай мен құрбан

Нұр тұрған сыр тұнған
Бір сырдан бір бұлған
Жолыңа болсамшы
Япыр-ай мен құрбан

Барады балқып тән
Өзіңсің мүмкін бе
Қалмады менде жан
Өмірде болу мән

Нұр тұрған сыр тұнған
Бір сырдан бір бұлған
Жолыңа болсамшы
Япыр-ай мен құрбан

Нұр тұрған сыр тұнған
Бір сырдан бір бұлған
Жолыңа болсамшы
Япыр-ай мен құрбан

Жәудіреп жанарың
Қиыла қарадың
От болып лапылдап
Өтеніп барамын

Нұр тұрған сыр тұнған
Бір сырдан бір бұлған
Жолыңа болсамшы
Япыр-ай мен құрбан

Нұр тұрған сыр тұнған
Бір сырдан бір бұлған
Жолыңа болсамшы
Япыр-ай мен құрбан

Нұр тұрған сыр тұнған
Бір сырдан бір бұлған
Жолыңа болсамшы
Япыр-ай мен құрбан 

Ностальгия


с.,ә. И.Сапарбаев

Сарғайды бағым
Сағындым жаным
Қайда сол бір жалын жылдарым
Тәтті үнің қайда
Шаттығым қайда
Аймаласқан ақ түнім қайда

Арманым менің
Ардағым менің
Өзіңменен жарық екен
Жан жағым менің
Айқабығым ау
Аймаладың ау
Сол бір түндер
Мөлдір күндер
Қайда жаным ау

Бұлбұл бағыңда
Жүрдім жаныңда
Сол бір мөлдір күнді ұрладың ба
Тағдырым едің
Жан гүлім менің
Қайда адасып қалды күндерім

Арманым менің
Ардағым менің
Өзіңменен жарық екен
Жан жағым менің
Айқабығым ау
Аймаладың ау
Сол бір түндер
Мөлдір күндер
Қайда жаным ау

Түсімде көрдім
Соңыңнан ердім
Боз мұнардың ішіне ендім
Күнге қарадым
Айға қарадым
Айтшы жаным қайда хабарың

Арманым менің
Ардағым менің
Өзіңменен жарық екен
Жан жағым менің
Айқабығым ау
Аймаладың ау
Сол бір түндер
Мөлдір күндер
Қайда жаным ау 

Не жаздым


с.,ә. Ө.Алтаев

Өткен күндер қайта келмейді
Өкінген еш пайда бермейді
Бақытты бол басқа жанмен қайтейін

Не жаздым мен жаным саған
Қарамастан кеттің маған
Айлы түннің шуағына шомылып
Не жаздым мен жаным саған
Қарамастан кеттің маған
Айлы түннің шуағына шомылып

Басқа жанның құшағында
Еркелейсің күлімдейсің
Маған деген махаббатың солған ба

Не жаздым мен жаным саған
Қарамастан кеттің маған
Айлы түннің шуағына шомылып
Не жаздым мен жаным саған
Қарамастан кеттің маған
Айлы түннің шуағына шомылып

Шын сүйгендер қосылмайды
Қосылғанмен бір болмайды
Тағдыр неге қатал болған о тоба

Не жаздым мен жаным саған
Қарамастан кеттің маған
Айлы түннің шуағына шомылып
Не жаздым мен жаным саған
Қарамастан кеттің маған
Айлы түннің шуағына шомылып

Не жаздым мен жаным саған
Қарамастан кеттің маған
Айлы түннің шуағына шомылып
Не жаздым мен жаным саған
Қарамастан кеттің маған
Айлы түннің шуағына шомылып
Айлы түннің шуағына шомылып 

Лейла


с.,ә. Қ.Шағалбаев

Жүзімнен ұшып кетсең де
Көңіліме маза бермедің
Айқаспай кірпік таң атты
Аңсаумен сені батты күн

Лейла Лейла қалқам-ай
Келші сәулем еркем-ай
Сағыныш болдың сен маған
Бақытты гүлдей жайнаған

Лейла Лейла қалқам-ай
Келші сәулем еркем-ай
Сағыныш болдың сен маған
Бақытты гүлдей жайнаған

Сапарлас болып саған мен
Сан астым сары белдеуден
Үзіліп сапар саздарым
Еш жерден сені таппадым

Лейла Лейла қалқам-ай
Келші сәулем еркем-ай
Сағыныш болдың сен маған
Бақытты гүлдей жайнаған

Лейла Лейла қалқам-ай
Келші сәулем еркем-ай
Сағыныш болдың сен маған
Бақытты гүлдей жайнаған

Сағыныш шіркін ойын ба
Үмітің сөніп мұңайма
Шығарсың бәлкім алдымнан
Арайлы алтын таңымдай

Лейла Лейла қалқам-ай
Келші сәулем еркем-ай
Сағыныш болдың сен маған
Бақытты гүлдей жайнаған

Лейла Лейла қалқам-ай
Келші сәулем еркем-ай
Сағыныш болдың сен маған
Бақытты гүлдей жайнаған