Жайықтан қайтқан тырналар

с. М.Шаханов
ә. Ә.Бейсеуов

Сөнбейтін от тастап кетіпсің сезімге
Мен соны аңғармай қалыппын кезінде
Көп болды өзіңсің атуда таңдарым
Кінәлі емессің сен оған, арманым

А-а-а
Каспийдің толқыны
Көзімде толқыды
Көңілге нұр болар
Сен жайлы айтпады бір хабар
Айтпайды-ау бір хабар
Жайықтан қайтқан тырналар

Бәрін де кешір сен шаттығым еңселі
Осылай оп-оңай жоғалттым мен сені
Ол күннің сағым боп ұшарын білдік пе?
Тек қана сағыныш қартаймас тірлікте

А-а-а
Каспийдің толқыны
Көзімде толқыды
Көңілге нұр болар
Сен жайлы айтпады бір хабар
Айтпайды-ау бір хабар
Жайықтан қайтқан тырналар

Арайлы әуенің сен туған даланың
Жаныма жұбаныш еткендей боламын
Гүлдер де бүршігін жармайды уақытсыз
Ғашық боп көрмеген адамдар бақытсыз

А-а-а
Каспийдің толқыны
Көзімде толқыды
Көңілге нұр болар
Сен жайлы айтпады бір хабар
Айтпайды-ау бір хабар
Жайықтан қайтқан тырналар

Жүрек қана сөйлейді

с. Т.Молдағалиев
ә. Ә.Бейсеуов

Жалыннан туып, арманды қуып
Жетсем деп іздеп келемін
Алдама мені, алдама үміт
Өзіңе ғана сенемін

Қайдасың сен арман
Жетер күнім бар ма
Махаббат бер
Мазасыз бұл жанға

Кешкі бір шақта, гүл асқан баққа
Келіп ең аппақ көйлекпен
Мен әдеп сақтап, гүлдерді мақтап
Жүректі ғана сөйлеткем

Ұмыттың ба соны
Ұмыттың ба жаным
Сағындым мен
Жастықтың сол әнін

Жүрегім гүлдеп, жүрмін ғой шөлдеп
Өзің кеп, жаным, сусын бер
Ұқсайтын көлге, ұшпайтын желге
Махаббат барын білсін ел

Қайдасың сен арман
Жетер күнім бар ма
Махаббат бер
Мазасыз бұл жанға

Жазира далам

с. С.Жиенбаев
ә. Б.Құрманғалиев

Туған далам, асыл анам - ардағым
Дән-дәрия, гүл-жазира жан-жағым
Қырларыңда ақ сағыммен жарысып
Аспанында аққу болып шарладым

Балауса белдерім
Көгілдір көлдерім
Шаттығым сен менің
Асқартау - сен маған
Жайқалған қырында алтын дән
Жазира кең далам!

Алғаш рет қаздар ұшып жеткенде
Қараймын мен көз жеткісіз көк белге
Қалады ылғи менің жаным жадырап
Ақ жаңбырлар қырға төгіп өткенде

Балауса белдерім
Көгілдір көлдерім
Шаттығым сен менің
Асқартау - сен маған
Жайқалған қырында алтын дән
Жазира кең далам!

Туған далам, жері жомарт - дән-далам
Қырандары көк аспанға самғаған
Қазақстан - каһармандар елі деп
Атағыңа бас иеді бар ғалам

Балауса белдерім
Көгілдір көлдерім
Шаттығым сен менің
Асқартау - сен маған
Жайқалған қырында алтын дән
Жазира кең далам!

Жаңа

c., ә. А.Есмуханов

Кездесем деп өзіңмен армандай-тұғым,
Жаңбырлы күн жарқ еткен жалғандай ұғым

Жаңа, жарқыраған жұлдызым жанды.
Жаңа, кірпік ілмей атырдым таңды.
Жаңа, жаңа

Енді кімді қайыңдай ырғалып басып.
Мен келемін қуанып көңілім тасып

Жаңа, жарқыраған жұлдызым жанды.
Жаңа, кірпік ілмей атырдым таңды.
Жаңа, жаңа

Түнеріп кеп ақ нөсер құйып өткендей.
Күн ашылып, самал жел желпіп өткендей

Жаңа, жарқыраған жұлдызым жанды.
Жаңа, кірпік ілмей атырдым таңды.
Жаңа, жаңа

Жүрек үні

Тағдырдың жазғаны ма
Құдайым сыйға берген
Бақ ішінде нәзік гүлім сен
Бақыттың жанғаны ма
Айымның туғаны ма
Бір өзіңе ғашық болдым мен

Сағындым аяулым сені
Нәзік жүрегіңді,
Ақ жүректен жарылып ән
Айтамын мен саған

Сағыныштан сарғайдым
Күн бейнеңді аңсаймын
Қайда сенің мөлдір көздерің
Жаратқанға жылайын
Көңіліңе құлайын
Дүниеде жалғызым өзің

Сағындым аяулым сені
Нәзік жүрегіңді,
Ақ жүректен жарылып ән
Айтамын мен саған

Жез киік

с. К.Салықов
ә. Ж.Сейілов

Жез қанат, күміс бауыр киік көрдім
Дәруі сол ма дерсің күйік-шердің
Жез марал жүреді екен арасында
Қаптаған Бетпақтағы киіктердің

Жез киік, біздің жаққа қалай келдін?
Жолымды тіке кесіп, жанай бердің
Адамның көздеріндей екі көзің
Япырмай, дәтім шыдап қалай көрдім?

Дәл саған құрмап еді торды ешкім
Ғайыптан душар болдың, сорды кештің
Мен-дағы сертшіл адам далады өскен
Сен-дағы жалтармадың, жолды кестің

Асықпа, көрейінші жөндеп қана
Кетпесін жаңа тиген мендеп жара
Ет кесіп өз етімнен берсем -дағы
Жөніңе жіберейін емдеп қана

Дедім де қоя бердім, ұстамадым
Қасымда қал демедім, қыстамадым
Тілеймін суық жақтан есен қайтып
Жылықұм мекеніне қыстағанын

Түс тербеп, жаздың мөлдір қысқа таңы
Тұзақтап жез киікті ұстатамын
Баяғы қызыл ішік киген қызға
Жез камзол сол киікті ұқсатамын

Құмарым қайта көріп қанар ма екен?
Әл бітіп, салқын жүрек жанар ма екен?
Болмаса, суық қолды бір сұр мерген
Дәл көздеп әлде атып алар ма екен?

Сұлуды адам жаны қимайды екен
Беймезгіл еске түсіп қинайды екен
Жез киік, сені аңсаған кездерімде
Бір өзім кең далаға сымай кетем

Жаным (Urker)

с. И.Сапарбай
ә. А.Сағат

Балауса көктемді сағындым
Баладай өкпеңді сағындым
Екеуміз алаңсыз гүл терген сол бір
Алқызыл бөктерді сағындым

Ақ қарлы ақпанды сағындым
Армандай ақ таңды сағындым
Есімнен мәңгілік кетпейтін, жаным
Сол ғажап шақтарды сағындым

Жаным,
Таң самалым
Жалғыз сенсің
Ансағаным
Жаным,
Жасыл бағым
Асыл жарым

Жайдары жазымды сағындым
Аққу мен қазымды сағындым
Есімнен мәңгілік кетпейтін, жаным
Еркелі назыңды сағындым

Ботадай көзіңді сағындым
Бойжеткен кезіңді сағындым
Есімнен шықпайтын мәңгілік сол бір
Нәресте сезімді сағындым

Қинамашы жүректі

Көрдім сені міне тағы
Өте шықтың қасымнан
Жайнап тұрған бақшадағы
Қызғалдақтай ашылған

Қос жанарың жаутаңдап
Маған қарай бересің
Көз алдымнан кетпей қойды
Сүйем деген елесің

Қос жанарың жаутаңдап
Маған қарай бересің
Көз алдымнан кетпей қойды
Сүйем деген елесің

Қинамашы жүректі
Қарамашы жаутаңдап
Бұл өмірде сене артық
Жоқ-ғой маған махаббат

Қос жанарың жаутаңдап
Маған қарай бересің
Көз алдымнан кетпей қойды
Сүйем деген елесің

Қос жанарың жаутаңдап
Маған қарай бересің
Көз алдымнан кетпей қойды
Сүйем деген елесің

Сүйем деген бір сөзіңді
Айта берші қайталап
Өзіңменен бірге жүрсем
Жас жүрегім жайтабат

Қос жанарың жаутаңдап
Маған қарай бересің
Көз алдымнан кетпей қойды
Сүйем деген елесің

Қос жанарың жаутаңдап
Маған қарай бересің
Көз алдымнан кетпей қойды
Сүйем деген елесің

Қос жанарың жаутаңдап
Маған қарай бересің
Көз алдымнан кетпей қойды
Сүйем деген елесің

Қос жанарың жаутаңдап
Маған қарай бересің
Көз алдымнан кетпей қойды
Сүйем деген елесің

Қайдасыңдар, достарым

с. Қ.Ыдырысов
ә. Ә.Еспаев

Бірге тойлап, бірге өткізген
Жалындаған жас шағын
Талай қызық күнді өткізген
Қайдасыңдар достарым

Достар, достар жүрсің қайда
Бірге еді ғой жанымыз
Еске алысып осындайда
Кел шырқайық бәріміз

Достар, достар жүрсің қайда
Бірге еді ғой жанымыз
Еске алысып осындайда
Кел шырқайық бәріміз

Бәрімізде таптық бүгін
Бақыт жолын іздеген
Дос үміті - достық сенім
Әрқашанда бізбенен

Достар, достар жүрсің қайда
Бірге еді ғой жанымыз
Еске алысып осындайда
Кел шырқайық бәріміз

Достар, достар жүрсің қайда
Бірге еді ғой жанымыз
Еске алысып осындайда
Кел шырқайық бәріміз

Жубрсек-дағы қиыр шетте
Досты ұмытқың келмейді
Достық жалын бар жүректе
Суымайды сөнбейді

Достар, достар жүрсің қайда
Бірге еді ғой жанымыз
Еске алысып осындайда
Кел шырқайық бәріміз

Достар, достар жүрсің қайда
Бірге еді ғой жанымыз
Еске алысып осындайда
Кел шырқайық бәріміз

Қыз сыны

ә. М.Омаров

Үкілі кәмшат бүрмелі көйлек
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп
Иықтан шашын төгіліп жерге
Күмісті шашбау жарасып белге

А-а-а-а-а-а-а
А-а-а-а-а-а-а
Күмісті шашбау жарасып белге

Қиылған қасы қарақат көзі
Жүректі баурап оятар сезім
Тал бойын нәзік қызғалдақ гүлдей
Дидарын нұрлы шуақты күндей

А-а-а-а-а-а-а
А-а-а-а-а-а-а
Дидарын нұрлы шуақты күндей

Жаңарып қайта жаңарып көне
Ләззат алар көрген жан сенен
Көркіңнен сенің айналдым еркем
Халқымның салтын сақтаған көркем

А-а-а-а-а-а-а
А-а-а-а-а-а-а
Халқымның салтын сақтаған көркем

Қимаймын

с.,ә. Ж.Тұрымбетов

Сүйіктім
Лағындайсың киіктің
Көркіңнен сұлу күй ұқтым
Кетейін қалайша қиып тым

Жүрегім
Соғады сен деп білемін
Тапсаңшы өзің бір емін
Көңілдің жайнаған гүлі едің

Қимаймын, қимаймын
Дүниеге сенсіз сыймаймын
Әнімді саған сыйлаймын
Дүниеге сенсіз сыймаймын
Әнімді саған сыйлаймын

Қарағым
От болып лаулап жанамын
Сырыңды ұқпай барамын
Қалайша жалғыз боп қаламын

Ұғарсыз
Есіңе алып тұрарсыз
Айдында жүзген сыңарсыз
Тағатым таусылды жыр - әнсіз

Қимаймын, қимаймын
Дүниеге сенсіз сыймаймын
Әнімді саған сыйлаймын
Дүниеге сенсіз сыймаймын
Әнімді саған сыйлаймын

Қимаймын, қимаймын
Дүниеге сенсіз сыймаймын
Әнімді саған сыйлаймын
Дүниеге сенсіз сыймаймын
Әнімді саған сыйлаймын

Қайдасың

ә. А.Дүйсенов

Сезімімді жеткізе алман сөзбенен
Мұндай күйді бұрын көріп сезбедім
Сыр сымбаттың сиқырлы бұл жанымды
Артық туған өздеген

Қайдасың, қайда
Жаным сыздайды
Өтпей қойды-ау аяулым
Қайдасың, қайда
Қол жетпес айға
Айналдың-ау аяулым

Бар аққудай пана таппай жүз көлдей
Сені аңсаумен сарғайды-ғой көз-кеуде
Жанырыңды көру арман жан еркем
Өтті-ау өмір іздеумен

Қайдасың, қайда
Жаным сыздайды
Өтпей қойды-ау аяулым
Қайдасың, қайда
Қол жетпес айға
Айналдың-ау аяулым

Жеке дара тұратұғын мың гүлдей
Айдай әсем ажарыңнан күн күлген
Өзінменен қиялғада тілдескен
Армандаумен жүрмін мен

Қайдасың, қайда
Жаным сыздайды
Өтпей қойды-ау аяулым
Қайдасың, қайда
Қол жетпес айға
Айналдың-ау аяулым
Қайдасың, қайда

Қош махаббат

с.,ә. А.Бажанова

Кірпігімнен үзіледі
Мөлдір шығы сағыныштың
Күн деміңнен құрғатшы келіп
Жүрегім үнсіз күрсінеді
Жанарларым жалыныштан
Алаңдаймын күтемін сені

Қош енді қош махаббатым
Махаббатым аманатым
Тұмар қылып сақта жүректе
Болмасақта бірге енді біз
Бірге соғар жүрегіміз
Зарығып аңсап өткен күндерді
Қош енді қош махаббатым
Махаббатым аманатым
Тұмар қылып сақта жүректе

Керегі емес өзге ешкім
Тағдырыммен ерегестім
Кездестірген өте кеш сені
Қоштасуға қолым бармай
Қал деугеде арым бармай
Қиналдым-ау жаным кеш мені

Қош енді қош махаббатым
Махаббатым аманатым
Тұмар қылып сақта жүректе
Болмасақта бірге енді біз
Бірге соғар жүрегіміз
Зарығып аңсап өткен күндерді
Қош енді қош махаббатым
Махаббатым аманатым
Тұмар қылып сақта жүректе

Қош енді қош махаббатым
Махаббатым аманатым
Тұмар қылып сақта жүректе
Болмасақта бірге енді біз
Бірге соғар жүрегіміз
Зарығып аңсап өткен күндерді

Қош енді қош махаббатым
Махаббатым аманатым
Тұмар қылып сақта жүректе

Құшақ жайған қандай адам...

с.,ә. Ш.Қалдаяқов

Әлі де бұл кеудеме толмай арман
Жас көңіл ешнәрсеге болмай алаң
Бей хабар жүр едім-ғой махаббаттан
Қол созып құшақ жайған қандай адам
Қандай адам

Қиалым сәулесімен дірілдеген
Көктегі күнім бекен күлімдеген
Әлде бір көктемдегі сандуғашпа
Жанымды елжіреткен үніңменен
Үніңменен

Қалайша жүрегімді алдай алам
Мен оны жалғыз саған арнай алам
Бей хабар жүр едім-ғой махаббаттан
Дариға-ай құшақ жайған қандай адам
Қандай адам
Бей хабар жүр едім-ғой махаббаттан
Дариға-ай құшақ жайған қандай адам
Қандай адам
Қол созып құшақ жайған қандай адам
Қандай адам

Қызылжар - Семей

Халық әні

Қара сырнай дегенде ахоу
Қара сырнай өтіп жалған дүние-ай
Қаларсыңба Қызылжар Семейде
Жатсам ұйқым келмейді-ай

Сыбызғыдай сызылған ахоу
Қайран дауысың қара жердің астында
Қаларсыңба Қызылжар Семейде
Жатсам ұйқым келмейді-ай

Қызылжар Семей-дай
Дәурен екі келмейді-ай

Қолыңда жоқ дүние ахоу
Қопаң да жоқ өтіп кетсең білінбей
Қапаң да жоқ Қызылжар Семей-дай
Жатсам ұйқым келмейді-ай

Бақ пен дәулет басыңа ахоу
Бірдей қонбайтын екі етер дұшпаның
Апандай боп Қызылжар Семей-дай
Жатсам ұйқым келмейді-ай

Қызылжар Семей-дай
Дәурен екі келмейді-ай
Дәурен екі келмейді-ай

Құтты болсын тойларыңыз

с. А.Дүйсенбі
ә. А.Дүйсенов

Ғажап елім айтқан әнмен күйіңді-ай
Той жасаған дастарханы жиылмай
Қыз өспеген өнеге алмай анадан
Ұл өспеген бабаларға сыйынбай

Той үстінде дұшпаныңда досыңдай
Құрметтеген шапан жауып тосылмай
Дүниені бағалаған тойменен
Қазақ деген дархан халық, дархан халық осындай

Бұзылмасын қаймағыңыз
Аман болсын аймағыңыз
Тарқалмасын қызықтарың
Құтты болсын тойларыңыз

Бір басына бара сала қимаған
Олар үшин тойда қонақ сыйлы адам
Бар дүниесін тойға шашқан түл көзір
Арқалауға, орталауға жимаған

Бұзылмасын қаймағыңыз
Аман болсын аймағыңыз
Тарқалмасын қызықтарың
Құтты болсын тойларыңыз

Бұзылмасын қаймағыңыз
Аман болсын аймағыңыз
Тарқалмасын қызықтарың
Құтты болсын тойларыңыз

Бұзылмасын қаймағыңыз
Аман болсын аймағыңыз
Тарқалмасын қызықтарың
Құтты болсын тойларыңыз

Бұзылмасын қаймағыңыз
Аман болсын аймағыңыз
Тарқалмасын қызықтарың
Құтты болсын тойларыңыз

Қарындасыма

с.,ә. Қ.Жүнісбеков

Дәм тартып жатқа
Кеттің бе, қалқам
Жар болар жасқа,
Жеттің бе, қалқам
Қиналған жерде
Сыр берме, қалқам
Сыналған жерде
Сүрінбе, қалқам

Еліңді ойлап
Егілме, қалқам
Анаңды аңсап
Езілме, қалқам
Жамандық көрсең
Жасыма, қалқам
Табылам әр кез
Қасыңнан, қалқам

Жер басып жүрсем
Қорғаның болам
Суықтан қорғар
Орманың болам
Әкеңді ойлап
Сағынба, қалқам
Сыйлы бол әр кез
Жарыңа, қалқам

Еліңді ойлап
Егілме, қалқам
Анаңды аңсап
Езілме, қалқам
Жамандық көрсең
Жасыма, қалқам
Табылам әр кез
Қасыңнан, қалқам

Соңымнан ерген
Інімдей боп ең
Шуағын төккен
Күнімдей боп ең
Сұқ көзден қорқар
Балапан едің
Аққу боп ұштың
Табылып теңің

Еліңді ойлап
Егілме, қалқам
Анаңды аңсап
Езілме, қалқам
Жамандық көрсең
Жасыма, қалқам
Табылам әр кез
Қасыңнан, қалқам

Қазақ қызы

с. И.Сапарбай
ә. Р.Тайманов

Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайрандаған
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам

Намыстан бермеу үшін жатқа қолдан
Арулар аз болды ма атқа қонған
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан

Жасырмай айтар болсам жан сырымды
Тағдырым қарауылға қанша ілінді
Ерліктің қос қанаты деп білем мен
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді
Ерліктің қос қанаты деп білем мен
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді

Сүймеген сені азамат, азамат па
Көңілің тәрізді аппақ таза мақта
Бәрін айт, бірін айтта лайықсың
Қазақтың қызы деген ғажап атқа
Бәрін айт, бірін айтта лайықсың
Қазақтың қызы деген ғажап атқа
Қазақтың қызы деген ғажап атқа

Қимай сені барамын

с. Ш.Сариев
ә. Т.Мұхамеджанов

Ұнаттың сен де мені нәзік гүлге теңеп
Ұнаттым мен де сені шуақ күнге теңеп
Қыс келіп, көктем өтті
Сол бір сезім текке кетті
Өмір өкпелетті мені

Мұңды жанарың
Жоқ қой амалым
Қош бол бақыт құс
Қимай сені барамын
Мұңды жанарың
Жоқ қой амалым
Қош бол бақыт құс
Қимай сені барамын

Сүйіп едім мен сені, сезім тербеп еді
Сүйіп едің сен мені, тағдыр бөлмеп еді
Күн суып, ыстық арман
Сары жапырақ түсті жалған
Кұстай ұшты арман алыс

Мұңды жанарың
Жоқ қой амалым
Қош бол бақыт құс
Қимай сені барамын
Мұңды жанарың
Жоқ қой амалым
Қош бол бақыт құс
Қимай сені барамын

Жанымды гүлге бөлер саған сенем, көктем
Құстары әнге бөлеп қайта келер көктем
Аялдамас қыс та өтер
Жанға салқын ызғар өтер
Көктем келер, келер көктем

Мұңды жанарың
Жоқ қой амалым
Қош бол бақыт құс
Қимай сені барамын
Мұңды жанарың
Жоқ қой амалым
Қош бол бақыт құс
Қимай сені барамын
Қош бол бақыт құс
Қимай сені барамын

Қараторғай

Құс болсаң жібектен бау тағар едім
Күмістен тұғырыңды жабар едім
Мойныңа сары алтыннан алқа тағып
Қолға алып, сылап-сипап бағар едім

Салайын мен әніме
Қараторғай, Қараторғай

Болғанда қасың қара, щащың сүмбіл
Албырап екі беің жанар гүл-гүл
Бейіштің гүл жамылған сарайында
Сайраған тотықұстай сен бір бұлбұл

Салайын мен әніме
Қараторғай, Қараторғай

Қамажай

Басында Қамажайдың бір тал үкі
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі
Айрылып Қамажайдан отырғанда
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым

Қолында Қамажайдың алтын жүзік
Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп
Көрмесе жарта сағат тұра алмаушы ед
Апырмай кетті ме екен күдер үзіп

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым

Ертістің жағалауын жағалаймын
Мұз болса көк бестіні тағалаймын
Үш топтан таңдап алған Қамажайым
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым

Мал жаъсы жылқы деген бағып жүрсе
Монына үкі-тұмар тағып жүрсе
Ішінен бір жорғаны таңдап мініп
Аулына Қамажайдың барып жүрсе

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым

Қызыл бидай

Халық әні

Қыз емес, қыздың аты - қызыл бидай
Қыз үшін түнде жүрдім көңілін қимай
Қалмады баста бөрік, белде белбеу
Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай

Ақау айдай
Қызыл бидай
Болғанша жарың жаман
О, шіркін, алсын құдай

Қыз емес, қыздың аты - қызыл өрік
Баршасы бірдей келсін мінез көрік
Сыртынан жүзін көрмей құмарланып
Әркімдер жүрсе-дағы болып жерік

Ақау айдай
Қызыл бидай
Болғанша жарың жаман
О, шіркін, алсын құдай

Қара көз

Халық әні

Жете алмай жолда шаршап тұрған кезде
Бір ғана елес берші сәулем, көзге
Аққуым айдын көлде жеке жүзген
Көңілімде көлеңкем жоқ сенен өзге

Ақсұнқарым, жібегім
Жалғыз сенде тілегім
Сегіз жылдай сергелдең
Қасірет шегіп, жүдедім
Ой, сүмбіл, шаш сенсің уайым
Беу, жұбайым
Түскенде сен есіме не қылайын

Сұм жалған сегіз жылдай қолды матап
Жолыңа шыға алмадым сарбас атап
Аққуым айдын көлде жеке жүзген
Жүрмісің іліктірмей жаман атақ

Ақсұнқарым, жібегім
Жалғыз сенде тілегім
Сегіз жылдай сергелдең
Қасірет шегіп, жүдедім
Ой, сүмбіл, шаш сенсің уайым
Беу, жұбайым
Түскенде сен есіме не қылайын

Құдаша

Халық әні

Келші, келші бермен келші құдаша
Бір сөз айтам көңіліңе ұнаса
"Кетші әрі" деп ұрса ма деп зәрем жоқ
Не де болса шығып кетші оңаша

Дедім дағы қысып қалдым көзімді
Жерге тастап кете ме деп сөзімді
Елжіреген жас жүректе зәре жоқ
Сабыр ет деп тоқтатамын өзімді

Қор болды жаным

Абайдың әні

Қор болдым жаным
Сенсіз де менің күнім
Бек бітті халім
Тағдырдан келген зұлым
Тағдыр етсе алла
Не көрмейді пәнде?

Сайрай бер тілім
Сарғайған соң бұл дерттен
Бүгілді белім
Жер тайған соң әр серттен
Қамықты көңіл
Қайтсе болар жеңіл

Сағындым сені
Кьрмедім деп көп заман
Адам деп мені
Салмадың хат сен маған
Жай таба алмай жүрек
Жасыған соң сүйрек

Қаранғы түнде тау қалғып

Абайдың әні

Қаранғы түнде тау қалғып
Ұйқыға кетер балбырап
Даланы жым-жырт, дел-сал ғып
Түн басады салбырап

Шаң шығармас жол-дағы
Сілкіне алмас жапырақ
Тыншығарсың сен-дағы
Сыбыр қылсаң азырақ

Құлагер

Ақан Серінің әні

Жел жоқса басы майда деймін
Ат қостым, ат айдаушым, айда деймін
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды
Жығылмаса Құлагер қайда деймін

Ор болып қалушы еді шапқан жерің
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің
Атығай - Қарауылға олжа салған
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім

Құлагер құнанында керім еді
Нағашым сұрағанда беріп еді
Ат қоса Ерейменге барғанымда
Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді

Қара торғай

Ақан Серінің әні

Келеді қара торғай қанат қағып
Астына қанатының маржан тағып
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің
Айырылдым қапылыста сенен нағып

Қара торғай
Ұштың зорға-ай
Бейшара, шырылдайсың
Жерге қонбай

Ертістің аржағында бір терең сай
Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай
Ағаштың бұтағына қонып алып
Сайрайды таң алдында қара торғай

Қара торғай
Ұштың зорға-ай
Бейшара, шырылдайсың
Жерге қонбай

Қарқаралы

Мәдидің әні

Атыңнан айналайын Қарқаралы
Сене бұлт, менен қайғы тарқамады
Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай
Мен бір жан куғын көрген Арқадағы

Басында үш қараның балғын едім
Көкорай сазға біткен шалғын едім
Екінің бірі болсам арманым жоқ
Мен туған бір атадан жалғыз едім

Қонғаны ауылымның Талды-ау деймін
Жағалай ел жайлауға барды-ау деймін
Кір жуып кіндік кесіп туған жерлер
Артына бір қарамай қалды-ау деймін

Немене, көрген қызық көрмегендей
Жас дәурен жауар бұлт өрлегендей
Жастық шақ көк семсердің жүзі емес пе
Қайрап ап қалың жауға сермегендей

Қорлан

Естайдың әні

Бір қыз бар Маралдыда Қорғылайын
Табиғат берген екен күн мен айын
Мұратқа іздеген жан бәрі жеткен
Дариға арманым көп не қылайын

Ахау, арман
Құсни, Қорлан!
Екі-ай бағлан
Екеуі туған екен бір анадан

Бозбала қалма қапы бұл жалғаннан
Жігіттің арманы жоқ Қорланды алған

Өзіңдей боп жан тумас
Туса туар, артылмас

Бар ғаламды шарықта
Уа, дариға, ләулік тас
Бағдат, Мысыр, Шың, Машын
Іздесем Қорлан табылмас

Қара көз

Ыбырайдың әні

Шіркін-ай жақындығы қандай еді
Құрбының өзі теңдес мандайы еді
Ахау, айым, қара көз айым
Кез болған кезең жерде сәулетайым

Бағдат шаһарында гүл жазира
Мақсатқа жетемін бе, уа, дариға
Ахау бұлбұл, мойның бұрғыр
Бұралып тал шыбықтай жолда тұрғыр

Лағыл тас су түбінде жатады алтын
Суының беті жылы, түбі салқын
суынан сол лағылдың сүзіп алып
Азырақ көрер ме еді рахатын
Ахау, айым, жорға тайым
Кез болған кезең жерде қалқатайым

Қазақ вальсі

с. С.Мұқанов
ә. Л.Хамиди

Май туса, гүлдер шешек атса жазда
Тоғайда бұлбұл, көлде аққу қаз да
Сайраса, біз жастар да нақ солардай
Бақытқа бөленеміз, сауық назға

Бақыт нұрға
Оранса жер, аспан
Біздің жыр да
Бар жырға ұласқан
Махаббатты жырлаймыз біз
Жастар, жастар, жастар

Сарқырап асау бұлақ ақса құздан
Алтын күн күлімдесе көкте қызған
Біз жастар күн нұрынан қуат алып
Жайнаймыз жарығырақ жұлдыздырдан

Бақыт нұрға
Оранса жер, аспан
Біздің жыр да
Бар жырға ұласқан
Махаббатты жырлаймыз біз
Жастар, жастар, жастар

Қарлығаш

с. И.Мақатов
ә. А.Жұбанов

Қалығаш әннің аты жырымды айтам
Сүйген жар, сүйіскен дос сырымды айтам, Қарлығаш!
Айныма, асыл сәулем, берген серттен
Мен сендік, сен менікі шынымды айтам, Қарлығаш!

Құралай көз, қолаң шаш
Алма мойын қиғаш қас
Сүйген сәулем Қарлығаш

Ақ тамақ, қиылған қас, жазық маңдай
Әдемі ақша бетің, жауған қардай, Қарлығаш!
Жайдары еркелеген жарқын мінез
Жарқ етсең, жадыратар жаққан шамдай, Қарлығаш!

Құралай көз, қолаң шаш
Алма мойын қиғаш қас
Сүйген сәулем Қарлығаш

Қырманға кел, қалқатай

с. Т.Ысмайлов
ә. С.Мұхамеджанов

Күн сүйеді бетімді, қыз сүймеген
Ту қатадым тың жерге қол тимеген
Бұлаңдамай алыстан, қырманға кел
Кім бар екен еңбекке бас имеген

А-хау, құшағыма сені алып
Би билейін қуанып
Қырманға кел, қалқатай
Білегіңді сыбанып

Бермей-ақ қой орамал кестелеген
Бірге жүрші бидайға дестеленген
Жалқау болсаң ақ саусақ, қызыл тырнақ
Біз болар ек сендейді ескермеген

А-хау, құшағыма сені алып
Би билейін қуанып
Қырманға кел, қалқатай
Білегіңді сыбанып

Құстар қайтып барады

с. Т.Молдағалиев
ә. Н.Тілендиев

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып
Зымырлайды менің бала кезімдей
Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей

Құстар, құстар сызылып ән салады
Сол әнімен тербетеді даланы
Ал, адамдар күліп бастап өмірін
Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады

Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе
Тамаша әнмен келіп еді көктемде
Өскен жерге сыймай кетіп барады
Өскен жерін қимай кетіп, қимай кетіп барады

Қайықта

с. Н.Әлімқұлов
ә. Ш.Қалдаяқов

Болсақтағы жаңа таныс
Жүзсек те алғаш қайықта
Ұшқыр қиял кетті-ау алыс
Бұйырмашы айыпқа

Самал болар толғандырған
Айдын шалқар көл бетін
Сәулем, мені ойландырған
Сенің жарқын келбетің

Көлдің жүзін нұрландырып
Тұрма сенің дидарың
Сол бейнеңді тұрған күліп
Су бетіне қимадым

Ескегіңді берші маған
Мен есейін, сен еспе
Су күлкісі сылдырлаған
Сенің күлкің емес пе?

Ашылғандай айдын көлде
Үлкен өмір есігі
Су бетінде қайық бейне
Махаббаттың бесігі

Жылжы қайық осы көлде
Жыр толтыршы жаныма
Махаббаттың бесігінде
Тербелейік тағы да

Қимаймын сені

Жадырап жаз келді
Жайқалды өлкеміз
Неліктен өзгерді
Мінезің ерке қыз

Сандуғаш бақшада
Сайрайды таңертең
Қандай жан, сәулем, дақ салды
Көңіліңе сенің ақ еркем

Жүзіңді көргенде
Сөз таппай қиналам
Алдыңа келгенде
Өкпеңді қи маған

Күлімде, көзіңнің
Қиығын таста да
Қимаймын, сәулем өзіңді
Қимаймын сені басқаға

Оқуды бітіріп
Ауылға қайтармын
Жүректе сырымды
Жыр етіп аытармын

Нұр толып жүзіңде
- Осында қал - деші
Қырманнан қайтар кезімде
- Қырқадан күтіп ал - деші

Қаракөз

Күлімдеген қара көздер қалалық
Көп қарайсың көрген сайын қадалып
Қандай жақсы, карағаның қарағым
Қандай тұнық сырға толы жанарың

Жанап мені өткеніңде жымиып
Жалт қараймын, көп қараймын қиылып
Күлімдеген қара көздер сүзіле
Жаутаңдатты-ау, жаутаңдатты-ау ізіне

Күлімдеген қара көздер қалалық
Көңіліңде жақсы бір ой бары анық
Сыр ашарда батылырақ болайын
Қарай берші, қарай берші қадалып

Қайдасың

Сол бір кез есімде
Жағасы бұлақтың
Айлы жаз кешінде
Сырласқан ұзақ түн
Сүйкімді бейнеңді
Жүректе сақтадым
Арманым, сол жерден
Сен едің тапқаным

Тағы да сол жерге
Оралдым қайтадан
Әлі тұр гүлдер де
Самал жел шайқаған
Қол бұлғап жырақта
Тау да тұр аңсаған
Сен жоқсың бірақ та
Қайдасың қалқажан?!

Көруге жаралған
Сен бейне айнасың
Өзіңсіз таба алман
Сағыныш айласын
Көрінші, көңілге
Қуаныш жайласын
Аңсадым жүзіңді
Қалқатай, қайдасың?!

Қаракөз

Тербелді гүлдер далада
Сүйгенім менің қалада
Сүйемін сәулем, мен сені
Басқаны қалама

Қөңілімде бар түйгенім
Сенсің сәулем сүйгенім
Көптен күткен жарым менің
Қаракөз сүйгенім

Ақ қайың тұрар иіліп
Тау басында жиылып
Сүйгенім менің алыста
Қараймын қиылып

Қөңілімде бар түйгенім
Сенсің сәулем сүйгенім
Көптен күткен жарым менің
Қаракөз сүйгенім

Елжіреп сүйер жүрегім
Бақытым сенсің білемін
Сағынтпа мені, жан сәулем
Өзіңсің тілегім

Қөңілімде бар түйгенім
Сенсің сәулем сүйгенім
Көптен күткен жарым менің
Қаракөз сүйгенім

Қуаныш вальсі

Жадырап жанымыз
Жарасып әніміз
Болашақ бүгіннен басталғандай
Нұр құйып көңілге
Жол сілтеп өмірге
Арман тұр асқақтап асқар таудай

А-а-ай, а-а-ай
Қуаныш көрем көзіңнен
Өзіңмен жан құрбым
Қосылды тағдырым
Қосылған қос өзен секілденіп

Өзің боп өлеңім
Шаттыққа бөлендім
Сәулешім сенімен танысқалы
Теңізге телегей
Жол тартқан кемедей
Бойдақтық бізден де алыстады

А-а-ай, а-а-ай
Қуаныш көрем көзіңнен
Өзіңмен жан құрбым
Қосылды тағдырым
Қосылған қос өзен секілденіп

Достарсыз бұл күнде
Күн кешу мүмкін бе
Досымыз көбейсін, келе берсін
Жайнай бер жасқанбай
Мөлдір бол аспандай
Кірлетпе көңіліңнің терезесін

А-а-ай, а-а-ай
Қуаныш көрем көзіңнен
Өзіңмен жан құрбым
Қосылды тағдырым
Қосылған қос өзен секілденіп

Қызыл сұңқарлар

Октябрьде қурыш қайрап
Оққа мінген қурыш қайрат
Ақ дәуірдің қырандары
Батыр елдің ұландары
Алға комсомол - қызыл сұңқарлар

Арманы биік қол жетпестей
Сапары ұзақ жол жетпестей
Ерлігі ұшан теңіз
Мың ғасыр дастанындай
Жас болып мәңгі жаса
Елімнің аспанындай

Бірлігіңнен құз құлаған
Достығың бар мызғымаған
Партияның тіректері
Дауылпаздар түлектері
Алға комсомол - қызыл сұңқарлар

Арманы биік қол жетпестей
Сапары ұзақ жол жетпестей
Ерлігі ұшан теңіз
Мың ғасыр дастанындай
Жас болып мәңгі жаса
Елімнің аспанындай

Қаздар қайтқанда

Көк жүзінде барады қаздар қайтып
Күндер солай өтеді шалқып, шалқып

Сағыныш қой
Сағыныш қой
Сарала жапырақтар
Жақсылықтың жолында
Жатқан балқып
Жақсылықтың жолында
Жатқан балқып

Ақ қайыңдар, қалады дір-дір етіп
Жанымызды бір кезде күлдіретін

Жазғы бақта
Жазғы бақта
Саулайды жапырақтар
Өз өмірін соңғы рет
Бір жыр етіп
Өз өмірін соңғы рет
Бір жыр етіп

Жайнап тұрған кешегі күн ескіріп
Қара суық хабары тұр естіліп

Қаздар ұшып
Қаздар ұшып
Барады оралмайтын
Қанатына
Көктемді ілестіріп
Қанатына
Көктемді ілестіріп

Қарлығашым

Қарлығашым, қарлығышым
Табиғаттың еркесі
Қарлығашым, жан сырласым
Самға туған жер төсін

Шырқа биік
Шырқа биік
Ақ ниетті адал дос
Қалықтаған
Шарықтаған
Әуеніңді маған қос

Ақ қанатты қарлығашым
Сен бармаған дала бар
Қанатыңа хат жазамын
Қалқатайға ала бар

Шырқа биік
Шырқа биік
Ақ ниетті адал дос
Қалықтаған
Шарықтаған
Әуеніңді маған қос

Қайта ұшып кел, қарлығашым
Сен шығарма мені естен
Бәйтеректің басына шық
Қалқашым боп елесте

Шырқа биік
Шырқа биік
Ақ ниетті адал дос
Қалықтаған
Шарықтаған
Әуеніңді маған қос

Қарлығашым, қарлығашым
Сұлу әнге сала кел
Досың сенің сарылмасын
Жақсы хабар ала кел

Шырқа биік
Шырқа биік
Ақ ниетті адал дос
Қалықтаған
Шарықтаған
Әуеніңді маған қос

Қайда екен сол бір ақмаңдай

Қараңғы түнді жамылып
Бақшада жігіт жүр жалғыз
Аңсаған көңіл жабығып
Шықпайды-ау естен сол бір қыз

Жұлдыз бе екен, Ай ма екен
Қол жетпес асыл армандай
Қайда екен, шіркін, қайда екен
Үмітім болған ақмаңдай

Самал беттен өбеді
Сылдырап ағып жүр бұлақ
Жігітті қинай береді
Қоңілден кетпей қыз бірақ

Толқыған жаны жігіттің
Сол жаннан бақыт тапқандай
Жандырған отын үміттің
Қайда екен сол бір ақмаңдай

Қарындас

Қарындасым, сенің қара көзіңе
Кездестім-ау қртаң тартқан кезімде
"Аға" дейсің, сол бір сөзің, шоқ болып
Өрт салады құлазыған сезімге

Жасым үлкен, жаным саған құрдаспын
Сен де жас боп өмір-бақи тұрмассың
Қырмасақал қырық асқан кезімде
Бақыт іздеп бір өзіңмен сырластым

Сен от болсаң, мен болайын көбелек
Махаббатсыз маған өмір не керек!
Қырық жастың қызуына өртенсем
Су тамызшы қанатыңмен себелеп

Қазақстан - Бағыстан

Абат аймақ азат аймақ - Бағыстан
Бақытымды іздеймін алыстан
Самал желпіп сенің дарқан далаңды
Шығысыңнан тамылжиды таныс таң

Қазақстан - туған өлкем
Өңіріңде өскен өркен
Сенің жайсаң жеріңдегі
Өмір көркем, көңіл көркем

Ақ торғындай Қазақстан аспаны
Адамының қартаймастай жас жаны
Мұнда келсең құмартарсың өзің де
Ұмытпастай ұнатсаң да басқаны

Қазақстан - байтақ өлкем
Жер көп пе одан сендей көркем!
Көрінсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желкем

Мерейлі де мейірбанды мекенім
Маған қымбат сенің ұлың екенім
Саған деген махаббатым мәңгілік
Сүйіп сені, жырлап сені өтемін!

Қазақстан! Қазақстан!
Азатстан! Ғажапстан!
Алып кеме сияқтысың
Көктің күнін жанап ұшқан!

Қазақстан - гүлістан

Анамдай туған ардағым сен
Алысқа кетсем арманым сен
Аяулым асыл Қазақстан
Сағынам сені жолда жүрсем

Туған елім, асқар белім
Бақытымдай әрбір гүлің маған сенің
Қасиетті туған өлкем - көктем
Маған бақыт күнім сенде өткен

Жүректе сені сақтадым көп
Атасың алдан ақ таңым боп
Гүлдей бер, гүлде Қазақстан
Қашанда менің мақтаным боп

Туған елім, асқар белім
Бақытымдай әрбір гүлің маған сенің
Қасиетті туған өлкем - көктем
Маған бақыт күнім сенде өткен

Жаныма жерің ауасы ем
Атыңа сенің мен бас ием
Бақыттың жыры - Қазақстан
Бақытты елдің баласы мен

Туған елім, асқар белім
Бақытымдай әрбір гүлің маған сенің
Қасиетті туған өлкем - көктем
Маған бақыт күнім сенде өткен

Қалғымасын ерлігің

Міне, саған ойланатын келді күн
Азамат боп атқа міндің сен бүгін
Бірақ атқа мінгеніңнен не пайда
Жүрегіңде қалғып жатса ерлігің

А-а-а
Бозбала
Қанатыңды талдырма
Алай-түлей жаңбырда
Тізгініңді беріп қойма тағдырға
Қуанышым
Жан-тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін
Сүйе алмағаның үшін
Табиғаттың алдында кінәлісің

Қорға жаным, сеніміңді жеруден
Қорлық бар ма жанбай жатып сөнуден
Өмірдегі үлкен жеңіс әрдайым
Басталмай ма өзіңді өзің жеңуден

А-а-а
Бозбала
Қанатыңды талдырма
Алай-түлей жаңбырда
Тізгініңді беріп қойма тағдырға
Қуанышым
Жан-тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін
Сүйе алмағаның үшін
Табиғаттың алдында кінәлісің

Болашағың алдыңда әлі, бүлдіршін
Ер жігіттің намысына бұл бір сын
Бүгін көрсет қайратыңды күшіңді
Ертең мүмкін кеш бола ма, кім білсін

А-а-а
Бозбала
Қанатыңды талдырма
Алай-түлей жаңбырда
Тізгініңді беріп қойма тағдырға
Қуанышым
Жан-тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін
Сүйе алмағаның үшін
Табиғаттың алдында кінәлісің

Қалқам-ай

Қалқам-ай, кеше ғана бала емес пе ең
Қос өрім бұрымыңды тарап өскен
Асылып аға алдында еркелеген
Базарлы бал қылығың қала ма естен?

Қуанып, қараймын
Қалқашым, арайлым
Қол жетпес күні бол
Қол жетпес күні бол талайдың

Көркіңе бүгін, міне, жұрт телміріп
Қарайлай қарай қапты көп-көп жігіт
Жарқ еткен жанарыңнан жалын көрдім
Сол от қой шарпып жеткен, өртендіріп

Қуанып, қараймын
Қалқашым, арайлым
Қол жетпес күні бол
Қол жетпес күні бол талайдың

Осылай тік қараған жақсы, жаным
Қарай бер, жанарыңнан атсын жалын
"Мықтылар" жалыныңа төзіп көрсін
"Нашарлар" әлін біліп, бақсын жанын

Қуанып, қараймын
Қалқашым, арайлым
Қол жетпес күні бол
Қол жетпес күні бол талайдың

Қуаныш күтіп тұр алда

Көңілдің мұңы қалып
Күледі көкте Күн
Тағы да гүлін алып
Келеді көктемнің
Бір жүрек дірілдеген
Күтеді көгалда
Топ болып дүрілдеген
Қызығың көп алда!

Ей, жүрек!
Теңізім болып тулай бер!
Елжіреп
Сүйгенге құлай бер!
Жырлаудан жалықпа!
Қайғырма, қамықпа!
Қуаныш күтіп тұр алда!

Болмасын өміріңе
Күдік те, күмән да!
Гүл қадар өңіріңе
Ғажайып күн алда!
Бақытты байқамады
Бала да, кәрі де
Бәрі де қайталайды
Бәрі де, бәрі де!

Ей, жүрек!
Теңізім болып тулай бер!
Елжіреп
Сүйгенге құлай бер!
Жырлаудан жалықпа!
Қайғырма, қамықпа!
Қуаныш күтіп тұр алда!

Кұстар қайтып келе жатыр

Көктемді қондырып қанатына
Құс қайтып оралды Алматыма

Ән толды аспанға
Құс қонды жас талға
Бақыт кеп қол алғандай
Бақыт кеп қол алғандай

Құстарды мен тостым
Айғайлап ән қостым
Арманым оралғандай

Қуандым жарқылдап
Мәз болдым ән тыңдап
Құшақтап арманымды
Құшақтап арманымды

Оянған армандай жаз таңында
Келеді құс қайтып аспанымда

Аспаным ашылды
Ән маржан шашылды
Шаттық бар жас жанымда
Шаттық бар жас жанымда

Оралды арманым
Оралды көктемім
Қол алды достарым да

Сағыныш сәулемі
Қус қайтып келеді
Ән салып туған жерге

Келеді аспанда құстар қайтып
Сағыныш арманын ән ғып айтып

Алатау қабылда
Орашы сағымға
Бақыт деп маған келген
Бақыт деп маған келген

Саған кеп қонатын
Сыйпашы қанатын
Көктемгі майда желмен

Көңілде ойнасын
Бақытын тойласын
Келді ғой туған жерге

Қоштаспай болмайды

Әнім боп жас күннен кеудемде жаңғырдың
Хат жаздым қаншама жауапсыз қалдырдың
Сонан соң еркіне бой бұрмай тағдырдың
Өзіңмен мәңгіге кеттім мен жан құрбым

Мөп-мөлдір моншағын көрсетпей жанардың
Кеттім мен қайрылмай, өрлігім болар бұл
Жүрсем де қол созып арайлы мұратқа
Жүректен нұр бейнең өшпеді бірақ та

Жолықтың бүгін сен күлімдеп жайдары
Көңлімнің төрінен найзағай ойнады
Өткен күн қайтадан өрнегін салмайды
Қоштастық екеуміз, қоштаспай болмайды

Алматы қаласы - жастықтың қаласы
Екеуміз қыдырған көшеге қарашы
Ақ терек асқақтап тұр анау еңселі
Сол жерден өткенде еске алам мен сені

Қазақы дастарханым

Бүгінгі ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған
Татулық белгісі ме
Жағалай малдас құрған?

Ей, менің асқар тауым
Қазақы дастарханым?
Өзінсің бақ-берекем
Ақ қайнар бастауларым

Анаға ақ пейілді
Иілсе, келін балаң
Ықылас ізет еткен
Сыйластық елін табам

Ей, менің асқар тауым
Қазақы дастарханым?
Өзінсің бақ-берекем
Ақ қайнар бастауларым

Дәм татар талай ғасыр
Ұрпақтар абайласын
Кірлетпей таза ұстасын
Халықтың шар айнасын

Ей, менің асқар тауым
Қазақы дастарханым?
Өзінсің бақ-берекем
Ақ қайнар бастауларым

Қимаймын

Сезімнің гүлі сен едің
Ғашықтың бірі мен едім
Армандай асыл ақ гүлім
Өзіңді іздеп келемін

Арманым неткең көп еді
Асудай асыл бел еді
Жанымда ұйықтап жатқанда
Түсімде сені көремін

Қысылып жаным, жүрегім күйіп
Кете алмаспын, жаным, сені өзгеге қиып
Қарашы маған күлімдеп, жаным
Шаттығанды қиып

Қыз болса да өмірде сұлу
Бермейді ешкім жүрекке жылу
Ал менің болса, бар арманым
Тек сені, жаным, бақытты қылу

Қысылып жаным, жүрегім күйіп
Кете алмаспын, жаным, сені өзгеге қиып
Қарашы маған күлімдеп, жаным
Шаттығанды қиып

Сенсің ғой менің құлпырған гүлім
Жүрекке ыстық бұлбұлдай үнің
Жанымда егер сен болмасаң
Не болады екен ертеңгі күнім?

Біреулер келер, біреулер кетер
Сонда жаным, сен қасымда болмасаң егер
Нұр шашқан күндер, жұлдызды түндер
Бәрі де бекер
Қимаймын сені неге жаным
Қызғанамын мен өзіңді өзгеден, жаным
Менен басқаны сүймеші, жаным
Ұмытшы бәрін

Қысылып жаным, жүрегім күйіп
Кете алмаспын, жаным, сені өзгеге қиып
Қарашы маған күлімдеп, жаным
Шаттығанды қиып

Құстар қайтып барады

Жас өмірін, мәз өмірін қысқартып
Бара жатыр.ю бара жатыр құс қайтып
Зымырайды менің бала кезімдей
Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей

Құстар, құстар сызылтып ән салады
Сол әнімен тербетеді далаңы
Ал адамдар күліп бастап өмірін
Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады

Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе?
Тамаша әнмен келіп еді көктемде
Өскен жерге сыймай кетіп барады
Өскен жерін қимай кетіп, қимай кетіп барады

Сұлу қыз

Таңертеңмен бір сұлу қыз,
Суға келеді , суға келеді, суға келеді,
Ат жетектеп бір жас жігіт,
Еріп келеді, еріп келеді, еріп келеді.

Тоқтаңыз, сұлу қыз, су іздеген
Танысқым келеді менің сізбен,
Айттыңыз атыңыз кім болады,
Танысып көрмеген бұрын қызбен
.



Менің атым неге керек,
Айтшы жас жігіт, айтшы жас жігіт, айтшы жас жігіт
Бір көргеннен қалдыңыз ба
Мені шым сүйіп

Тоқтаңыз, сұлу қыз, су іздеген,
Танысқым келеді менің сізбен,
Айттыңыз атыңыз кім болады,
Танысып көрмеген бұрын қызбен.

Тоқтаңыз, сұлу қыз, су іздеген,
Танысқым келеді менің сізбен,
Айттыңыз атыңыз кім болады,
Танысып көрмеген бұрын қызбен

Бiр Тамшы Жас

Жанарына жас толып
Мені ойладың сүйіктім
Ақша жүзің албырттап
От жалын боп күйіп тур
Ақша жүзің албырттап
От жалын боп күйіп тур

Менің жаным аңсадың
Мунға бөлеп жүзіңді
Жанарыңнан домалап
Бір тамшы жас үзімді
Асаң сезім тенңнен
Бул аң берді қайтадан
Жігелсіз деп өзіңді
Енді қалай айта алам

II

Шықтап жүрсің тағы да
Ерідің де езілдін
Мен өзіңе табына
Күш ағынын сезіндім.

Менің жаным аңсадың
Мунға бөлеп жүзіңді
Жанарыңнан домалап
Бір тамшы жас үзімді
Асаң сезім тенңнен
Бул аң берді қайтадан
Жігелсіз деп өзіңді
Енді қалай айта алам.

Ай-бопем

Аулым кошiп барады-ау
Алмалыга кiм конбейдi тагдырдын
Салганына-ай.
Кормегелi коп айдын
Жузi болды ата-анамнын хабарын
Алмагалы-ай.
Припев:
Ай-ай бопем кейiн калган елiмдi
Корер мекем-ай.
Игигай -игигай -оу.
Корер мекем-ай.
2.
Туган жерден сагыным
Топырагы коз алдыма келедi
Cол турагым-ай.
Ата-анамнын аяулы
Ансаганда ак бопемдi аялап
Отырамын-ай.