Жүрек қана сөйлейді

с. Т.Молдағалиев
ә. Ә.Бейсеуов

Жалыннан туып, арманды қуып
Жетсем деп іздеп келемін
Алдама мені, алдама үміт
Өзіңе ғана сенемін

Қайдасың сен арман
Жетер күнім бар ма
Махаббат бер
Мазасыз бұл жанға

Кешкі бір шақта, гүл асқан баққа
Келіп ең аппақ көйлекпен
Мен әдеп сақтап, гүлдерді мақтап
Жүректі ғана сөйлеткем

Ұмыттың ба соны
Ұмыттың ба жаным
Сағындым мен
Жастықтың сол әнін

Жүрегім гүлдеп, жүрмін ғой шөлдеп
Өзің кеп, жаным, сусын бер
Ұқсайтын көлге, ұшпайтын желге
Махаббат барын білсін ел

Қайдасың сен арман
Жетер күнім бар ма
Махаббат бер
Мазасыз бұл жанға

Комментариев нет: