Қызыл бидай

Халық әні

Қыз емес, қыздың аты - қызыл бидай
Қыз үшін түнде жүрдім көңілін қимай
Қалмады баста бөрік, белде белбеу
Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай

Ақау айдай
Қызыл бидай
Болғанша жарың жаман
О, шіркін, алсын құдай

Қыз емес, қыздың аты - қызыл өрік
Баршасы бірдей келсін мінез көрік
Сыртынан жүзін көрмей құмарланып
Әркімдер жүрсе-дағы болып жерік

Ақау айдай
Қызыл бидай
Болғанша жарың жаман
О, шіркін, алсын құдай

Комментариев нет: