Жоғалтқым келмейді

с. А.Дүйсенбі
ә. Ұ. Жолдасов

Дидарың нұр ма ғажап ба
Батырдың мұңлы ләззатқа
Кез болдың маған қайдан
Аружан асыл айнам
Жанымды салдың азапқа
Дертімнің өзің тапшы емін
Адастырмайды ақ сенім
Таусылмас тәтті күнді
Тортырған шаттығымды
Жақсыдан туған жақсы едің

Жолғатқым келмейді
Жан гүлім берші маған қолыңды
Өмірден бір табайын жолымды
Тастама мені, тастама
Жоғалтқым келмейді
Тағдырым жолықтырған өзіңді
Шуакқа нұрға толған көзіңді
Қимаймын жаным басқаға

Білезік таққан білегің
Жүрекке жұмбақ жүрегің
Жалт еткен елес пе едің
Қол жетпес белес пе едің
Сен бұрын қайда жүр едің
Жарқ еттің атқан таңым-ау
Сезімге салдың саңылау
Кездестің сен қай жақтан
Отыңды өзің жаққан
Сөндіре көрме жаным-ау

Жолғатқым келмейді
Жан гүлім берші маған қолыңды
Өмірден бір табайын жолымды
Тастама мені, тастама
Жоғалтқым келмейді
Тағдырым жолықтырған өзіңді
Шуакқа нұрға толған көзіңді
Қимаймын жаным басқаға

Жолғатқым келмейді
Жан гүлім берші маған қолыңды
Өмірден бір табайын жолымды
Тастама мені, тастама
Жоғалтқым келмейді
Тағдырым жолықтырған өзіңді
Шуакқа нұрға толған көзіңді
Қимаймын жаным басқаға

Жеңеше-ай

с. И.Иса

Елдің сүйгені, біздің үйдегі
Менің асыл жеңешем есім білгелі
Келгеннен мені еркем дегені
Асау тентектігімді көркем дегені

Әңгімесі ауылдың
Жеңешемнің мінезі
Ағайынның бауырдың
Сәні бір өзі
Әңгімесі ауылдың
Жеңешемнің мінезі
Ағайынның бауырдың
Сәні бір өзі

Ешқашан егес бастаған емес
Орамалын басынан тастаған емес
Туғандарыма қонған бағыма
Орамалы сияқты аппақ ары да

Әңгімесі ауылдың
Жеңешемнің мінезі
Ағайынның бауырдың
Сәні бір өзі
Әңгімесі ауылдың
Жеңешемнің мінезі
Ағайынның бауырдың
Сәні бір өзі

Көзінде күлім, сөзінде шырын
Жоғалтпаған қыз күнгі сүйкімділігін
Көктем тәрізді, неткен жан ізгі
Отырады елігіп ата-анамызды

Әңгімесі ауылдың
Жеңешемнің мінезі
Ағайынның бауырдың
Сәні бір өзі
Әңгімесі ауылдың
Жеңешемнің мінезі
Ағайынның бауырдың
Сәні бір өзі

Асыл жеңешем, уайым жеме сен
Үйленсей деп қинайсың мені неге сен
Жасың батыр ғой қорықпаймын ғой
Дәл өзіңдей перизат жолықпай жүр ғой

Әңгімесі ауылдың
Жеңешемнің мінезі
Ағайынның бауырдың
Сәні бір өзі
Әңгімесі ауылдың
Жеңешемнің мінезі
Ағайынның бауырдың
Сәні бір өзі
Ағайынның бауырдың
Сәні бір өзі

Жүрек сөзі

ә. Дүйсенов

Сен сезесің бе махаббаттың салмағын
Ол мүмкін сенің алдамшы бір арманың
Гүл сыйласа да сайраса да қаншама
Бос қиялдама оны ойлап шаршама

Махаббатыңды болса да мұңды
Арнасаңшы бағалағанға
Шырмалы торға
Алданып қалма
Жүрегіңді жаралап алма

Ол, жүрген жан ғой басу үшін желігін
Аз аялдайды бола алмайды серігің
Сен адал жансың ойлап жүрген ұятын
Ол жүрегіңмен ойнап жүрген сияқты

Махаббатыңды болса да мұңды
Арнасаңшы бағалағанға
Шырмалы торға
Алданып қалма
Жүрегіңді жаралап алма

Шырмалы торға
Алданып қалма
Жүрегіңді жаралап алма
Шырмалы торға
Алданып қалма
Жүрегіңді жаралап алма

Жаңбырлы түн

с. Д.Долдаұлы
ә. С. Бәйтереков

Қараңғы түн, екеумізде, екеумізде бір шырақ
Бір шырақтан келе жаттық, нұр сұрап
Қол ұстасып кетті өмір, кетті өмір біздерді
Қиын жылдар қиясында бір сынап

Жаңбырлы түн, екеумізде бір шатыр
Бір шатырда қосып тұрдық сырға сыр
Махаббаттың сөнбесін деп жалыны
Шатыр болып менің жаным суда тұр

Боранды түн, екеумізде, екеумізде бір үміт
Бір үмітке жүрегіміз жылынып
Қалқы болып тұрдым саған, тұрдым саған махаббат
Қалмасын деп ақ боранға ұрынып

Жаңбырлы түн, екеумізде бір шатыр
Бір шатырда қосып тұрдық сырға сыр
Махаббаттың сөнбесін деп жалыны
Шатыр болып менің жаным суда тұр

Жұлдызды түн, екеумізде, екеумізді бір арман
Бір арманға телміреміз мұнардан
Көкжиектен Шолпан туды, Шолпан туды бір кезде
Сен де тұрдың қарсы алдымда гүл алған

Жаңбырлы түн, екеумізде бір шатыр
Бір шатырда қосып тұрдық сырға сыр
Махаббаттың сөнбесін деп жалыны
Шатыр болып менің жаным суда тұр

Жүрек сыры

с. М.Көбеева
ә. Т.Ізтаев

Жақын болып кеттің-ау, жаным, маған
Кездерім жоқ сені аңсап сағынбаған
Шағаласыз шарқ ұрған теңіздей боп
Жүреді екен беймаза шағында адам

Жұлдыздарда еріксіз сөнеді екен
Қара аспан қайғырғанда төнеді екен
Күн шуағын жаныңа төге тұғын
Бір жүрек бір жүрекке керек екен

Бақтың да жапырақсыз көркі қандай
Әр бұтақ сыр перне боп тартылғандай
Қараймын қабағыңа, қарағым-ай
Бір биік алдымдағы шақырғандай

Жұлдыздарда еріксіз сөнеді екен
Қара аспан қайғырғанда төнеді екен
Күн шуағын жаныңа төге тұғын
Бір жүрек бір жүрекке керек екен

Аққуы бар айдынның жазы бөлек
Сен барда бұл өмірдің назы бөлек
Жүрек бірге болғанмен қайтеміз-ау
Болған соң тіршіліктің сазы бөлек

Жұлдыздарда еріксіз сөнеді екен
Қара аспан қайғырғанда төнеді екен
Күн шуағын жаныңа төге тұғын
Бір жүрек бір жүрекке керек екен

Халық әні

Көрінсеңші көзіме егіндей боп
Жаңа шыққан егіннің көгіндей боп

Жайдарман қара көз
Жақсы құрбым майдай сөз

Аңсап шаршап алыстан келгенімде
Жан көрінбес көзіме өзіңдей боп

Жайдарман қара көз
Жақсы құрбым майдай сөз

Айналайын көзіңнің қарасынан
Хат жазамын қасыңның арасынан

Жайдарман қара көз
Жақсы құрбым майдай сөз

Күндіз-түні аулыңнан шықпас едім
Мен қорқамын дұшпанның табасынан

Жайдарман қара көз
Жақсы құрбым майдай сөз

Жайдарман жақын кел
Жан кар етем, қолың бер

Жаз болса

Халық әні

Жаз болса жердің жүзі жайнап тұрған
Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған
Болғанда қырық күн шілде, сарша тамыз
Ыстық боп жердің жүзі қайнап тұрған

Әй, айым-күнім-ай
Айхай, жаздың күні майдай-ай!

Бөленген жердің жүзі жасыл жібек
Күлімдеп күнге қарап қылған тілек
Қалған жоқ елжіремей тастан басқа,
Жан сәулем тас болды ма сіздің жүрек

Әй, айым-күнім-ай
Айхай, жаздың күні майдай-ай!

Жалғыз арша

Халық әні

Қарқаралы басында жалғыз арша
Хатқа жүйрік сол қалқа мұсылманша
Кішкенеден бірге өскен сәулем едің
Өмірің аз ба, көп пе әлде қанша

Өттің жалған
Кештім сайран
Уа, шіркін қыз бала
Жастықтың әсерімен
Еттім сайран

Көл жағалап бітеді көкше құрақ
Ән салмағың қайда еді-ау, Ләйлім шырақ
Қозыбайдың үйінде мәжіліс боп
Әні екен сонда салған жаймашуақ

Өттің жалған
Кештім сайран
Уа, шіркін қыз бала
Жастықтың әсерімен
Еттім сайран

Жеңеше

Халық әні

Айдап салдым жылқымды тепсең жерге
Сіздей адам табылмас ексем жерге
Намаздігер, намазшам арасында
Асыққаннан тимейді өкшем жерге

А-а-ай жеңеше-ай
Мінезің сенің өзгенше-ай

Айдап салдым жылқымды ошағанға
Салсам құрық жетпейді қашағанға
Аулың шалғай кеткенде, беу қарағым
Нендей медет етейін жасағанға

А-а-ай жеңеше-ай
Мінезің сенің өзгенше-ай

Жас келін

Халық әні

Жетісу келген жерім Қыбрай елі
Алатау бөктерінде қонған жері
Ақ басты Алатаудың құшағында
Айнадай жарқыраған Ыстықкөлі

Көрерсіз айды-ай
Білерсіз жайды-ай
Жас келін ән салудан
Жалықпайда-ай

Жаңа ел, жаңа жерге әнмен келдім
Иіліп тізе бүгіп, сәлем бердім
Ұлықсат ағалардан алғаннан соң
Жолымды құт болсын деп отауға ендім

Көрерсіз айды-ай
Білерсіз жайды-ай
Жас келін ән салудан
Жалықпайда-ай

Сағынды сындырмайын, ақын аға
Сөзіме ақын аға берсе баға
Ұлықсат үлкендерден алғаннан соң
Қосайын тамашаны тамашаға

Көрерсіз айды-ай
Білерсіз жайды-ай
Жас келін ән салудан
Жалықпайда-ай

Жариям айдай

Халық әні

Алып келген базардан қыжым кебіс
Сілкелейі қалқаның болар жеміс
Жел тимесе, күн тимес деген сөз бар
Сұлу қыздың айтқаны ұят емес

Өрік мейіз, қант пен шай
Алма мойын ақ бидай
Жариям айдай
Жанға жақын келсейші
Беу қалқатай-сәулетай

Алып келген базардан білте шам-ай
Бидай өнді аққуба құдашам-ай
Сірә менің көңілім басылар ма
Сақиналы қолыңнан ет асамай

Өрік мейіз, қант пен шай
Алма мойын ақ бидай
Жариям айдай
Жанға жақын келсейші
Беу қалқатай-сәулетай

Жас дәурен

Халық әні

Мен шықтым кешке қарай самалдарға
Сөз айтпа қадыр білмес жамандарға
Жас күнде арыстандай айбарлы едім
Қайтарып жас жеткен соң амал бар ма

Ах-ау күндерім-ай
Жас дәурен өтеріңді білмедім-ай

Жас дәурен мені қайда бастамадың
Кей уақыт ерік бермей баспаладың
Отырмын қартайған соң нардай шөгіп
Басымнан өткеннен соң жастық шағым

Ах-ау күндерім-ай
Жас дәурен өтеріңді білмедім-ай

Желсіз түнде жарық ай

Абайдың әні

Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың жаны - терең сай
Тасыған өзен күрілдеп

Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпыраған жасыл жер жүзі

Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тымылжып
Бір суынып, бір ысып
Дем ала алмай дамыл қып
Елең қағып, бос шошып

Сөз айта алмай бөгеліп
Дүрсіл қағып жүрегі
Тұрмап па еді сүйеніп
Тамаққа кіріп иегі?

Жанбота

Біржанның әні

Жанбота, осы ма еді өлегн жерім
Көкшетау баурайында көмген жерің
Кісісін бір болыстың біреу сабап
Бар ма еді статьядан көргендерің

Жанбота, өзің болыс, әкең Қарпық
Ішінде сегіз болыс шенің артық
Өзіңдей Азынабайдың поштабайы
Бір қойып, домбырамды алды тартып

Айтады Біржан өлең ентелетіп
Біржанды халқым қойды еркелетіп
Есере поштабайдай көз алдыңда
Біржанды қойғаның ба желкелетіп

Жамбас сипар

Біржанның әні

Шетіне оралмадың түйдім сусар
Көп жылқы, көкалалы көлде жусар
Кешегі ел қыдырған есер шақта
Ән екен Біржан салған Жамбас сипар

Дегенде біз қартайдық, біз қартайдық
Белгісі қартайғанның серттен тайдық
Кәніки, соныменен шыққан мүйіз
Қасында сұлулардың көп жантайдық

Жонып алды

Біржанның әні

Аты еді бұл әнімнің Жонып алды
Алғандай сұлу жонып өрім талды
Жасымнан сүйіп айтқан ән болған соң
Жаңылмай әлі күнге есте қалды

Жан едім әсем әнді сүйіп айтқан
Жағымды көпке бірдей жұрт ұнатқан
Келетін нақысына жүз құбылып
Кейде өрлеп, кейде шалқып, баяулатқан

Кім сүймес көкке өрлеген әсем әнді
Көңілдің күйін шерткен көркем сәнді
Болғандай бойға қуат, ойға азық
Балқытып еріткендей тербеп жанды

Жас дәурен (с. Қ.Аманжолов)

с. Қ.Аманжолов
ә. Б.Тәжібаев

Жас дәурен - гүл жазира қайран жазым
Тыңдаған ерке сұлу айтқан назын
Әсерлі ән, көк нөсер күй, сал домбыра
Жігіттің тебірентесін өнерпазын

Жас дәурен
Ризамын мен саған
Жан сәулем
Келші, сәулем аңсаған

Жас дәурен - жігер оты жанған жалын
Көрмесем қызығыңды армандаймын
Өмірге екі келер уақытым жоқ
Сондықтан үлесімді мол қармадым

Жас дәурен
Ризамын мен саған
Жан сәулем
Келші, сәулем аңсаған

Жас дәурен, қызығыңа тоя алмаспын
Ән мен күй, өлең сені қоя алмаспын
Тірлікте тербелейін, тебіренейін
Бір күні кетсем ұйқтап, оянбаспын

Жас дәурен
Ризамын мен саған
Жан сәулем
Келші, сәулем аңсаған

Жас дәурен
Нажағайлы алтын жаз
Жан сәулем
Қосыл күйге, айтшы наз

Жас қазақ

с. Ғ. Мұстафин
ә. Р.Елебаев

Қар жамылған кең дала канға бөгіп
Күрілдейді сұр аспан өлім төгіп
Жас қазақ, мұрттай ұшты уралап

Жанын қиып кете алмай жас өмірден
Асқақатаған арманға өрмелеумен
Жас қазақ, жатты көзі от жайнап

Сол бетінде жан берді, ол тұмарды
Ары үшін елімнің боп құрбаны
Жас қазақ, атылды оқтай көре сап

Ел қорғаған майданда жас арыстан
Төлегендей артыңа қалдыр дастан
Жас қазақ, жатты жауын жаныштап

Жайық қызы

с. З.Қабдолов
ә. Ә.Еспоев

Шіркін-ай, ойда-жоқта болдың да кез
Жайықтан бір қыз көрдім қарқат көз
Асыққан балықшы екен амалым не
Қалдым-ау ести алмай бір ауыз сөз

А-ха-хай, дариғай
Жалт етті де жоқ болды
Көрген түстей-сағымдай

Ажары атқан таңдай ару жастың
Қасы бар қанатындай қарлығаштың
Жанары жан біткенді елжіреткен
Болсайшы бәрі сондай қарындастың

А-ха-хай, дариғай
Жалт етті де жоқ болды
Көрген түстей-сағымдай

Жүрек сыры

с. І.Мәмбетов
ә. Ш.Қалдаяқов

Мен туыппын ақпандатқан боранда
Кім біледі, бәлкім әлде сонан ба?!
Алақұйын мінезім бар ашулы
Қапелімде басылам ба, болам ба?!

Сол күйіммен өміріңе еніп ем
Тыныштығың бұзылды бір менімен
Күшті еді ғой мендегі зор махаббат
Қуат алдың өзің соның лебінен

Сүйе алмадың кей ашуды кешіре
Қоштас күліп, қамығасың несіне
Бұрқ-сарқ еткен ақ боранды күн болса
Алғайсың тек сонда мені есіңе

Жазылбекшілер маршы

с. Ә. Табылдиев
ә. М.Өзбеков

Аұтылы қой өргізгенде шопаны
Ардақтым деп қастерлеген Отаны
Қайыстырып кең даласын елімнің
Қаптай берсін Жазылбектің отары

Төлін егіз - егізден
Елі үшін өргізген
Жас қазақтар, жас таланттар
Өрлеп ұшқан - жас қанаттар
Елін сүйген Еңбек Ері Жазылбекшілер

Батыр сағы дауылдардан сыңбаған
Алақұйын жауындардан тынбаған
Ақсақалы Жазылбектей батыр боп
Асыл жандар ауылдарда шыңдалған

Төлін егіз - егізден
Елі үшін өргізген
Жас қазақтар, жас таланттар
Өрлеп ұшқан - жас қанаттар
Елін сүйген Еңбек Ері Жазылбекшілер

Ерлік іспен жалындаған жанымыз
Жазылбектің шәкіртіміз бәріміз
Шаттанайық, мақтанайық сол үшін
Шартарапқа шарықтасын әніміз

Төлін егіз - егізден
Елі үшін өргізген
Жас қазақтар, жас таланттар
Өрлеп ұшқан - жас қанаттар
Елін сүйген Еңбек Ері Жазылбекшілер

Жыр жазамын жүрегімнен

с. Қ.Аманжолов
ә. Ғ.Жұбанова

Сенің нұрлы жүзіңнен
Көрем бақыт, өмірді
Сенің әрбір сөзіңнен
Күй естілер, күй естілер
Көңілді

Сол себептен мен саған
Ғашықтайын құмартам
Жүрегімнен, жанымнан
Жыр жазамын, жыр жазамын, сыр айтам

Күндей шалқып күледі
Ақ маңдайлы, алма жүз
Саған, сірә тең келер
Жер жаһанда, жер жаһанда
Бар ма қыз

Жайлаукөк кештері

с., ә. И.Жақанов

Алаулап күн батса қырды асып
Кетуші ек, қалқатай, сырласып
Ұмытсам сол күнді, сол күнді кеш мені
Есте ғой, дариға, Жайлаукөк кештері

Ай туып, жұлдыздар жанғанда
Қол созып көктегі арманға
Жүрген кез жүректен, жүректен өшпеді
Жақсы еді-ау, дариға Жайлаукөк кештері

Мүлгіген тыныштық, айдала
Шу бойы ырғалып жай ғана
Гүлдерді тербетіп самалдың ескені-ай
Аңсаттың, дариға, Жайлаукөк кештері-ай

Жағадағы ару қыз

с. Т.Молдағалиев
ә. Е.Хасанғалиев

Теңселеді көк теңіз
Шарықтайды шағала
Асығады толқындар
Асығады жағаға

Өңкей асыл күмістер
Күн көзінде ойнайды
Жағадағы ару қыз
Әлде нені ойлайды

Жүрегінде арудың
Дауыл әлде бар ма екен?
Неге сәл-сәл мұңайып
Неге ойланып қалды екен?

Жұбайлар жыры

с.,ә. М.Шаханов

Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген
Келбетіңнен сенімнің күшін көрем
Сен сияқты мені ешкім еркелетіп
Сен сияқты мені ешкім түсінбеген

Асыл жарым
Жайнаған жасыл бағым
Бағаласаң бақытыңмын
Сағынсаң қасыңдамын
Арманды дара қумаймыз
Құстың қос қанатындаймыз
Жүректе от жанып
Тауларды бетке алып
Бірге ұшып барамыз болашаққа

Сен бар жерде керегем кең сияқты
Кең сияқты, терезем тең сияқты
Ешкім мені дәл сендей өкпелетіп
Жұбата да алмаған сен сияқты

Асыл жарым
Жайнаған жасыл бағым
Бағаласаң бақытыңмын
Сағынсаң қасыңдамын
Арманды дара қумаймыз
Құстың қос қанатындаймыз
Жүректе от жанып
Тауларды бетке алып
Бірге ұшып барамыз болашаққа

Шаттығымның бастауын сенен көрдім
Сенен көрсем қалайша төмендермін
Енді, сәулем, бәрі де әділетсіз
Бізді бақсыз, бақытсыз дегендердің

Асыл жарым
Жайнаған жасыл бағым
Бағаласаң бақытыңмын
Сағынсаң қасыңдамын
Арманды дара қумаймыз
Құстың қос қанатындаймыз
Жүректе от жанып
Тауларды бетке алып
Бірге ұшып барамыз болашаққа

Жүрек сыры

с. Т.Молдағалиев
ә. Ә.Телғозиев

Қара көзің, қара шашың төгілген
Қара көзің не жылаған, не күлген
Толғап өтті менің тұла бойымды
Бала кезден саған ғашық едім мен
Толғап өтті менің тұла бойымды
Бала кезден саған ғашық едім мен

Ұғу қиын кісі жанын білем мен
Қабағымнан не оқисың түнерген
Білгің келсе қара менің көзіме
Мен жайында сұрамашы біреуден
Білгің келсе қара менің көзіме
Мен жайында сұрамашы біреуден

Жүрегімде жоқ алдамшы бөтен ой
Алдай алсаң - сен-ақ алдап кете ғой
Тағдыры адам мойындаған секілді
Махаббатты мойындайды екен ғой
Тағдыры адам мойындаған секілді
Махаббатты мойындайды екен ғой

Жанарым

с. Б.Тәжібаев
ә. Е.Хасанғалиев

Сапар шексем алсықа
Сен жанымнан қалмайсың
Қиындықта қалыспай
Қиялымды жалғайсың
Мол бақыттың жайын да
Сырласумен айта алдық
Қарағай мен қайыңдай
Қатар тұрып жайқалдық

Сәулем, сәулем, сәулем
Кір шалмаған арымсың
Сезімдегі жалынсың
Басымдағы бағымсың
Домбыраның үні - сен
Жүрегімнің жыры - сен
Жанарымның нұры - сен

Күндіз күлген күнімсің
Түнде туған айымсың
Жайнап тұрған гүлімсің
Ойға шомған қайыңсың
Домбыраға тағылған
Егіз шектей жұптастық
Үміт алда жағылған
Келешекке нық бастық

Сәулем, сәулем, сәулем
Кір шалмаған арымсың
Сезімдегі жалынсың
Басымдағы бағымсың
Домбыраның үні - сен
Жүрегімнің жыры - сен
Жанарымның нұры - сен

Көзің сенің мөлдір көл
Тымық күйде жолықтым
Шарасынан сол бір көл
Төгілер деп қорықтым
Жаз орнатқан жаныма
Сәулем - сұлу сезімсің
Жарық күнді силаған
Жанарым да өзіңсің

Сәулем, сәулем, сәулем
Кір шалмаған арымсың
Сезімдегі жалынсың
Басымдағы бағымсың
Домбыраның үні - сен
Жүрегімнің жыры - сен
Жанарымның нұры - сен