Жас келін

Халық әні

Жетісу келген жерім Қыбрай елі
Алатау бөктерінде қонған жері
Ақ басты Алатаудың құшағында
Айнадай жарқыраған Ыстықкөлі

Көрерсіз айды-ай
Білерсіз жайды-ай
Жас келін ән салудан
Жалықпайда-ай

Жаңа ел, жаңа жерге әнмен келдім
Иіліп тізе бүгіп, сәлем бердім
Ұлықсат ағалардан алғаннан соң
Жолымды құт болсын деп отауға ендім

Көрерсіз айды-ай
Білерсіз жайды-ай
Жас келін ән салудан
Жалықпайда-ай

Сағынды сындырмайын, ақын аға
Сөзіме ақын аға берсе баға
Ұлықсат үлкендерден алғаннан соң
Қосайын тамашаны тамашаға

Көрерсіз айды-ай
Білерсіз жайды-ай
Жас келін ән салудан
Жалықпайда-ай

Комментариев нет: