Жүрек сыры

с. М.Көбеева
ә. Т.Ізтаев

Жақын болып кеттің-ау, жаным, маған
Кездерім жоқ сені аңсап сағынбаған
Шағаласыз шарқ ұрған теңіздей боп
Жүреді екен беймаза шағында адам

Жұлдыздарда еріксіз сөнеді екен
Қара аспан қайғырғанда төнеді екен
Күн шуағын жаныңа төге тұғын
Бір жүрек бір жүрекке керек екен

Бақтың да жапырақсыз көркі қандай
Әр бұтақ сыр перне боп тартылғандай
Қараймын қабағыңа, қарағым-ай
Бір биік алдымдағы шақырғандай

Жұлдыздарда еріксіз сөнеді екен
Қара аспан қайғырғанда төнеді екен
Күн шуағын жаныңа төге тұғын
Бір жүрек бір жүрекке керек екен

Аққуы бар айдынның жазы бөлек
Сен барда бұл өмірдің назы бөлек
Жүрек бірге болғанмен қайтеміз-ау
Болған соң тіршіліктің сазы бөлек

Жұлдыздарда еріксіз сөнеді екен
Қара аспан қайғырғанда төнеді екен
Күн шуағын жаныңа төге тұғын
Бір жүрек бір жүрекке керек екен

3 комментария:

Unknown комментирует...

кім орындайды? қайдан тыңдауға болады. рахмет

Unknown комментирует...

Кім орындайдв? Кай сайтан жуктеп алуға болады?

Unknown комментирует...

Медет пен Клара