Жайықтан қайтқан тырналар

с. М.Шаханов
ә. Ә.Бейсеуов

Сөнбейтін от тастап кетіпсің сезімге
Мен соны аңғармай қалыппын кезінде
Көп болды өзіңсің атуда таңдарым
Кінәлі емессің сен оған, арманым

А-а-а
Каспийдің толқыны
Көзімде толқыды
Көңілге нұр болар
Сен жайлы айтпады бір хабар
Айтпайды-ау бір хабар
Жайықтан қайтқан тырналар

Бәрін де кешір сен шаттығым еңселі
Осылай оп-оңай жоғалттым мен сені
Ол күннің сағым боп ұшарын білдік пе?
Тек қана сағыныш қартаймас тірлікте

А-а-а
Каспийдің толқыны
Көзімде толқыды
Көңілге нұр болар
Сен жайлы айтпады бір хабар
Айтпайды-ау бір хабар
Жайықтан қайтқан тырналар

Арайлы әуенің сен туған даланың
Жаныма жұбаныш еткендей боламын
Гүлдер де бүршігін жармайды уақытсыз
Ғашық боп көрмеген адамдар бақытсыз

А-а-а
Каспийдің толқыны
Көзімде толқыды
Көңілге нұр болар
Сен жайлы айтпады бір хабар
Айтпайды-ау бір хабар
Жайықтан қайтқан тырналар

Комментариев нет: