Қуаныш күтіп тұр алда

Көңілдің мұңы қалып
Күледі көкте Күн
Тағы да гүлін алып
Келеді көктемнің
Бір жүрек дірілдеген
Күтеді көгалда
Топ болып дүрілдеген
Қызығың көп алда!

Ей, жүрек!
Теңізім болып тулай бер!
Елжіреп
Сүйгенге құлай бер!
Жырлаудан жалықпа!
Қайғырма, қамықпа!
Қуаныш күтіп тұр алда!

Болмасын өміріңе
Күдік те, күмән да!
Гүл қадар өңіріңе
Ғажайып күн алда!
Бақытты байқамады
Бала да, кәрі де
Бәрі де қайталайды
Бәрі де, бәрі де!

Ей, жүрек!
Теңізім болып тулай бер!
Елжіреп
Сүйгенге құлай бер!
Жырлаудан жалықпа!
Қайғырма, қамықпа!
Қуаныш күтіп тұр алда!

Комментариев нет: